ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жалпы қалалық ата-аналар жиналысы
16-04-2021 09:14
Жалпы қалалық ата-аналар жиналысы

Павлодар қаласының барлық жалпы білім беретін мектептерінде 2021 жылғы 14 сәуірде ZOOM бағдарламасының платформасында кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу мәселелері бойынша бірыңғай жалпы қалалық ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты - отбасылық құндылықтарды насихаттау, ілгерілету және нығайту, білім беру мекемелерінің өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелері бойынша отбасымен өзара іс-қимылын жетілдіру, тәрбие процесінде ата-аналарда туындайтын ең қиын мәселелерді ашу.

Ата-аналар жиналысында ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасы, психикалық денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңыздылығы мен әдістері талқыланды. Интернеттегі жұмыс қауіпсіздігі және ата-ана бақылауы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Мектеп психологтары кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік қиындықтарға қарсы тұра алмау мәселелері бойынша түсініктемелер берді.

- Қазіргі балаларға ақпараттар өте көп. Интернет кеңістігі олардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Пайдадан басқа, ол айқын және жасырын қауіптерді тудырады. Мінез-құлық пен қарым-қатынастың жаңа стильдері, кейде өмір мен денсаулыққа қауіпті жағдайлардың болуы да мүмкін. Жаңа идеалдар мен өзін-өзі растау тәсілдері шабыттандырады. Жасөспірімдер, олардың қалыптаспаған құндылықтар жүйесі мен осал психикасымен әртүрлі манипуляторлар үшін оңай олжа болып табылады. Жиналыстың қорытындысы бойынша ата-аналарға арналған, ата-аналар қауымдастығымен жұмыс туралы жадынамалар ұсынылды.