ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар Жамбыл шығармаларын білетіндерін көрсетті
16-04-2021 15:02
Павлодарлық оқушылар Жамбыл шығармаларын білетіндерін көрсетті

    Оқушылардың «Жамбыл оқулары» қашықтықтан қалалық байқауы 2021 жылдың 14 сәуірінде өтті. Мақсаты - қазақ әдебиетінің ұлы ойшылы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, оқырмандық мәдениетті, рухани әлеуетті дамыту. Оқуларға Павлодар қаласының 18 жалпы білім беретін мектебінің 8 - 11 сыныптарынан 27 оқушы қатысты.

    Оқу қорытындысы бойынша 14 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде I орынды 3 қатысушы, II орынды - 5, III орынды - 6 оқушы иеленді. Оқу жеңімпаздары облыстық оқу кезеңіне қатысады.

   I орын «Жамбылдың жыр мұрасы» бағытында «Жоғалт көзін», «Сәт сайланарда», «Шағым» шығармаларын жатқа мәнерлеп оқығаны үшін № 21 ЖОМ 10 сынып оқушысы Капанов Алимхан, «Жыр алыбы Жамбыл» бағытында, «Жамбыл - менің жай атым, халық - менің шын атым!» тақырыбына айтыс үшін, № 37 ЖОМ 8 сынып оқушысы Тулеубаева Анель, «Өлең - сөздің даналығы, бар қазақтың Жамбылы» бағытында «Жамбылға арнау» бейнеролигі үшін № 38 НОМ 8 сынып оқушысы Рамазан Махамбет иеленді. Әлімхан өз сөзінде сөзді шебер меңгергенін көрсетті. Әнел импровизаторлық қабілеттерін, сөз меңгеру шеберлігін, домбырада асқан шеберлікпен орындауды көрсетті. Махамбет өзінің бейнеролигінде «Жамбылға арнау» атты жеке өлеңін мәнерлеп оқып, ұлы ақынның домбыра ойынындағы ұлылығы мен данышпандығын ашты.

     ІІ орынды № 25 мектептің оқушысы Конкышева Амина, Оңалбек Жаныл (№ 31), Бегимова Дильназ (№27), Орымбай Шынболат (К. Бекхожин атындағы мектеп), Бегембет Темірлан (№ 20 мектеп-лицейі ) иеленді. III орынды, Аспанова Камилла ( № 6), Шегебай Назым (№ 21), Сатвалдинова Мадина (№ 37), Ерболат Диляра (№ 17), Есенко Лия (№ 26), Хавалхаг Ғазиз (№ 38) мектептің оқушылары иеленді.

  Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификатына ие болды.