ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақ тілінен қалалық олимпиада қорытындысы
16-04-2021 17:11
Қазақ тілінен қалалық олимпиада қорытындысы

    Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары аясында 2021 оқу жылының 14 - 15 сәуірінде «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығы алғаш рет 5 - 10 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл - тәуелсіздіктің тұғыры» олимпиадасын өткізді. Мақсаты - қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік тілді үйрену және білу.

   Олимпиаданың бірінші турының қорытындысы бойынша 21 мектептің 134 оқушының қатысуымен екінші турға 18 мектептің 47 оқушысы өтті. Қатысушылар грамматиканы білу, септік сөздер бойынша сөздерді анықтау, мәтінмен жұмыс істеу бойынша тест тапсырмаларын орындады. Олимпиаданың 2-ші турында қатысушылар таңдалған тақырыптарға диалог жүргізу, тұрмыстағы өмірлік жағдайларға әңгімелесу кезінде қазақ тілін білетіндіктерін көрсетті. Қорытындысы бойынша 24 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І орын - 5, ІІ орын-9, ІІІ орын-8.

    № 5, 6, 9, 11, 14, 16, 17, 24, 26, 27, 29, 30, 34, 36, 38, 43, № 20 мектеп-лицейі, М. Әуезов атындағы мектептің оқушылары қазақ тілінен жақсы білім көрсетті. Сонымен, М. Әуезов атындағы мектеп оқушылары Леонтьева Анна (5-сынып), Магаррамов Айгюн (7-сынып) қазақ тілінде диалог жүргізе алатынын көрсетті, билет пен қазылар алқасының сұрақтарына сауатты жауап бере алды. № 43 ЖОМ оқушысы Карташова Александра сұрақтарға дұрыс жауап беріп, тест тапсырмаларын орындады.

  Турнирдің барлық қатысушылары электрондық сертификаттармен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қалалық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталады.