ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептерінің оқушыларына арналған кәсіпкерлік негіздері бойынша қонақ дәрістер
23-04-2021 14:45
Қала мектептерінің оқушыларына арналған кәсіпкерлік негіздері бойынша қонақ дәрістер

  Бүгінгі таңда кәсіпкерлік және бизнес негіздеріноқыту элективті пән ретінде қаланың 21 мектебінде 10 - 11 сыныптардың 1072 оқушысын қамтуымен жүргізіледі, оның ішінде 6 мектептің 368 оқушысы Павлодар қаласының оқу-өндірістік комбинатында оқытылады. Қаланың 42 мектебінде қаржылық сауаттылық кабинеттері жұмыс істейді. Мектептердің 35 педагогы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша педагог кадрларды қайта даярлау курстарының білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

  Қалалық білім беру бөлімімен осы пән аясында кездесулер ұйымдастырылады, оның барысында қала оқушылары аймақтың жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерінен білім алады.

  Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасымен, адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Ажар Арыстанқызы Абылғазинамен бірлесе № 11, 17, 20, 34, 39, 43, К. Макпалеев, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл орта мектептерінің 10 - 11 сыныптарының 325 оқушысымен ZOOM режимінде қонақ дәрісі ұйымдастырылды.Дәріс қонақтары аймақтың табысты бизнесвумен, Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, бизнес-тренер, Павлодар облысы ӨКП қаржылық емес қолдау бөлімінің өкілдері болды.

   Кездесу барысында «Сұлтан» ЖШС директоры, сәндік-қолданбалы өнер шебері, Павлодар облысының Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, «Қазақстанның үздік тауары - 2019» өңірлік конкурсының жыл сайынғы қатысушысы және жеңімпазы Виктория Султанова кәсіпкерлік саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті, бизнестің қалай дұрыс ұйымдастырылуы, неден бастау керектігі, қандай нәрседен қорқудың қажеті жоқ екені жайында, сауда саласындағы бизнес жүргізудің кейбір қыр-сырын үйретті. «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» жобасы оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша бизнес-тренер Баяндина Гүлмира Дүйсенбайқызы дизайн-ойлау мәселелері бойынша оқушылармен әңгіме өткізді. Өте танымдық және өзекті дәріс оқушылардың қызығушылығын тудырды және жоғары деңгейде өтті.