ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистердің облыстық форумының қорытындысы
13-05-2021 10:57
Жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистердің  облыстық форумының қорытындысы

Оқушыларды табиғатты қорғауға тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлкенің табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу мақсатында облыстық білім беру басқармасы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығымен бірлесіп «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылардың, экологтардың, натуралистердің республикалық форумының қашықтық облыстық кезеңін өткізді.

Форум алты номинация бойынша өтті: «Туған өлкенің тарихы», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта», «Экоболашақ», «Жасыл оазистер», «Жеңіс мамыры».

Форум шарты бойынша қатысушылар жобалар мен бейнероликтерді ұсынды.

Қашықтық форумға мамандандырылған және жалпы білім беретін мектептердің 120-дан астам оқушысы, Павлодар, Ақсу қалаларының, Аққулы, Тереңкөл аудандарының, Павлодар, Ақтоғай, Шарбақты, Ертіс, Баянауыл аудандарының қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатысты.

Форум қорытындысы бойынша Павлодар қаласының білім беру ұйымдарының 6 қатысушысы жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

8 жеңімпаз бен жүлдегер қатарынан «Денсаулық және қоршаған орта» номинациясы бойынша № 37 мектептің 11 сынып оқушысы Базарбаева Дильназ «Қайың жабырағының морфологиялық құрылысын зерттеу арқылы Павлодар қаласының қоршалған ортасына баға беру» жобасы үшін Ι орынды, «Топырақтың ластануы адам денсаулығына қалай әсер етеді» жобасы үшін № 36 ЖОМ 9 сынып оқушысы Шуткина Маргарита ΙΙI орынды алды.

5 жеңімпаз бен жүлдегер қатарынан «Туған өлкенің тарихы» номинациясы бойынша № 9 гимназия-мектебінің 9 сынып оқушысы Сұлтанбеков Бекзат «Қаздың ұшуы - кеше, бүгін, ертең» жобасы үшін ΙΙ орынды алды.

4 жеңімпаз бен жүлдегер қатарынан «Жасыл экономика» номинациясында № 16 лицей-мектептің 8 сынып оқушысы, балалар мен жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушісі Маршал Оксана «Биологияның қолданбалы салаларындағы жапырақ эпидермасының маңызы» жобасы үшін ΙΙΙ орынды алды.

6 жеңімпаз бен жүлдегер қатарынан «Жасыл оазистер» номинациясы бойынша № 37 ЖОМ 11 сынып оқушысы Базарбаева Дильназ, 1 курс студенті Альжанова Дильназ және балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері «Жасыл бақ» бейнеролигі үшін ΙΙΙ орынды иеленді.