ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақ тілі мұғалімдерінің қалалық форумының қорытындысы
13-05-2021 17:07
Қазақ тілі мұғалімдерінің қалалық форумының қорытындысы

Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Қазақ тілін оқытудың сапасын қамтамасыз етудегі педагогикалық тәжірибенің инновациялық бағыттары мен әдістері» атты қазақ тілі мұғалімдерінің 2 күндік қалалық форумының жұмысын аяқтады. Форум жұмысына ZOOM платформасындағы оффлайн және онлайн-форматтарда Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептері мен мектепке дейінгі мекемелерінің 500-ден астам қазақ тілі мұғалімдері қатысты.

2021 жылғы 12 мамырда облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы, Павлодар қаласының білім беру бөлімінің басшысы Айтқазина Самал Оспанқызы, ф.ғ.к., Торайғыров университетінің профессоры Айман Файзоллақызы Зейнуллина, ф.ғ.д. докторы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Бекен Сағындықұлы, «Ана тілі» орталығының басшысы Кинжикова Шолпан Духтұрбайқызы, тележүргізуші Ламбриан Топузовтың қатысуымен диалог алаңы нысанындағы форумның пленарлық бөлімі өтті.

13 мамырда форум аясында 5 секция бойынша практикалық бөлім өтті. Қатысушылар оқулықтар авторларының, педагогикалық шеберлік орталығының, Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің тренерлерінің, қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің педагог-шеберлер қатарынан Эртісхан Өміргүл, Анияров Марал Оралбекқызы, Ибраева Айман Рақымжанқызы, Тастемирова Назипа Эксанқызы, Нығметова Бибігүл Жамбылқызының шебер-сыныптарына қатысты.

Форумның нәтижесі қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін анықтау, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруда желілік қоғамдастықтың мүмкіндіктерін пайдалану, пәнді оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану жолдары, оқушылардың көркем әдебиетті оқуға деген танымдық қызығушылығын арттыру болды.