ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылардың орындауындағы соғыс жылдарындағы әндер
14-05-2021 14:49
Павлодарлық оқушылардың орындауындағы соғыс жылдарындағы әндер

Рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беру, шығармашылық әлеуетті дамыту мақсатында 2021 жылғы 19 сәуір мен 12 мамыр аралығында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің экология және туризм балалар-жасөспірімдер орталығымен Жеңіс күніне арналған «Біз сіздерді ұмытпаймыз, батырлар!» қалалық қашықтықтан шығармашылық байқауы өткізілді. Байқауға жалпы білім беретін 24 мектептің 1 - 11 сыныптарының 200 оқушысы, қаланың қосымша білім беру тәрбиеленушілері «Жеке орындау», «Дуэт», «Вокалдық топ», «Авторлар-орындаушылар» номинациялары бойынша қатысты.

Байқау қатысушыларының сахналық қойылымында Ұлы Отан соғысы, соғыстан кейінгі жылдардағы патриоттық әндер, ерлік туралы заманауи әндер шырқалды.

«Жеке орындау» номинациясында № 11, 36, 21, 6, 2, 26, 34, 32, № 16 лицей-мектебі, № 9 гимназия-мектебі, Жетекші, Кенжекөл мектептерінің, «Дарынды балаларға арналған музыкалық колледж - музыкалық мектеп-интернат» кешенінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды

«Вокалдық топ» номинациясында № 19, 13, 11, 33, 35, 40, 16, 24, 14, 43, 21, Мақпалеев атындағы мектептердің, «Дарынды балаларға арналған музыкалық колледж - музыкалық мектеп-интернат» кешеннің топтары үздік атанды.

«Дуэт» номинациясында № 2, 6, 9, 18, 24, 31, № 16 лицей-мектебі, экология және туризм орталығының оқушылары жүлделі орындарға ие болды.

- «Ұлы Отан соғысының оқиғалары уақыттың қарқынды өтуімен алыстап, бұрынғыға айналып барады. Алайда, жылдар халық жадындағы сол соғыстың барлық қасіреттерін жоймайды, біздің аталарымыз бен арғы аталарымыздың өшпес ерлік ерлігі дәуір туралы білім шегін барған сайын кеңейтіп келеді», - дейді орталықтың бұқаралық бөлімінің меңгерушісі Касенова Әсия Әбілқайырқызы.