ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қашықтықтан оқыту кезеңінде оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру туралы мектептің жұмыс тәжірибесі
17-05-2021 11:05
Қашықтықтан оқыту кезеңінде оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру туралы мектептің жұмыс тәжірибесі

Қашықтықтан оқыту кезеңінде оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру шеңберінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті ZOOM платформасында онлайн режимде «Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру және оқу материалын игеруде өзін-өзі бақылау үшін цифрлық білім беру нәтижелерін әзірлеу» атты семинар-практикум өткізді. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің жаратылыстану-математика бағытындағы (физика, биология, химия, информатика) 80-нен астам мұғалімдері қатысты.

Семинарда инновациялық типтегі № 34 орта мектептің педагогтары өткен материалды қайталау, өзіндік жұмысты орындау кезінде сандық ресурстарда, Сlasstime, Core, Padlet, Learning Apps, Screen Cast, Learnis, гугл-драйф платформаларында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру бойынша қашықтықтан оқыту кезеңіндегі жұмыс тәжірибесін іс жүзінде көрсете алды.

Мектеп басшысының орынбасары Илья Олегович Поляков оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Смурыгин Антон Михайлович, информатика пәнінің мұғалімі ойынды оқу үрдісінің интеграцияланған бөлігі ретінде көрсетті. Биология пәнінің мұғалімі Бедринец Виктория Викторовна интерактивті онлайн сабақтардың, тексеру тапсырмаларының және өзін-өзі тексеру бойынша жаттығулардың әзірлемелерімен таныстырды. Физика пәнінің мұғалімі Меңдібаев Жасұлан Ғабитұлы оқушылармен бірге оқуды жетілдіру үшін веб-беттерді пайдалану туралы көрсетті. Физика пәнінің мұғалімі Григорьева Наталья Валерьевна білімдегі олқылықтардың орнын толтыру үшін көпшілікке қолжетімді шағын интерактивті жаттығуларды пайдалану туралы айтып берді. Информатика пәнінің мұғалімі Витько Кристина Игоревна оқу құралдарын, өз бетінше оқуға арналған сабақтарды құру бойынша өз жұмыстарымен бөлісті. Москаленко Евгения Николаевна, биология пәнінің мұғалімі топтық немесе жеке сабақтарға, үй тапсырмаларына арналған веб-квесттер, викториналар және интеллектуалды онлайн ойындар жасады. Семинар материалдары мектеп педагогтері арасында таратылды.