ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық жас суретшілердің Чебоксарадағы жұмыстары
18-05-2021 09:23
Павлодарлық жас суретшілердің Чебоксарадағы жұмыстары

Ресей Федерациясының еңбек сіңірген суретшісі М. Юрьев атындағы халықаралық балалар суреті байқауының «Біз өмір сүріп жатқан әлем» номинациясына Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің 38 оқушысы қатысты. Байқау Ресейдің Чебоксары қаласында өтті.

Байқау қорытындысы бойынша 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

5 - 7 жас аралығындағы сайыстың жеңімпазы 7 жастағы Харин Иван болды. Ол гуаш техникасында орындалған «Антарктидадағы» жұмысы үшін I орын алды.

8 - 11 жас аралығындағы топта гуаш техникасында орындалған «Теңіздер мен мұхиттардың найзағайы» жұмысы үшін 8 жастағы Фирсова Мария III орынды иеленді. Олардың ұстазы - Илларионова Лариса Борисовна.

12 - 13 жас аралығындағы топта гуаш техникасында орындалған «Шерлок Холмс» жұмысы үшін 13 жастағы Чичмаренко Маргарита III орынды иеленді (педагогі Светлана Евгеньевна Рейн).

5 - 7 жас аралық тобындағы дипломмен 7 жастағы Артеменко Злата, гуаш техникасында орындалған «Ақ аюлар» жұмысы үшін марапатталды (педагогі Инна Владиславовна Масленникова).

- Өз жұмыстарында мектептің жас суретшілері берілген тақырып бойынша өз көзқарастарын жеткізе алды, техниканы игеруде өз шеберліктерін көрсете алды, - дейді мектеп директорының орынбасары Инна Владиславовна Масленникова.