ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогтың жұмыс тәжірибесін жинақтап қорыту бойынша педагогтарды даярлаудағы мектептің рөлі
19-05-2021 09:25
Педагогтың жұмыс тәжірибесін жинақтап қорыту бойынша педагогтарды даярлаудағы мектептің рөлі

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2021 жылдың 11 мамырында онлайн режимде «Педагогикалық тәжірибені анықтау, жалпылау және таратудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты семинар өткізді. Семинарға оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директорлардың 45 орынбасарлары, жаратылыстану-математикалық циклдың 30 мұғалімі қатысты.

Семинарда Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика жоғары мектебінің аға оқытушысы Утилова Айгүл Мұратқызы «Педагогтың жұмыс тәжірибесін жинақтап қорытуда материалдарды дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбы бойынша сөз сөйледі. Семинар қатысушыларына № 29 мектептің озық педагогикалық тәжірибесін ұйымдастыру және жинақтау бойынша жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Химия пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Мацевич Ирина Станиславовна педагогикалық тәжірибені жинақтап қорыту бойынша материалдарды ресімдеу және мазмұны туралы ұсынды. Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Мерканова Әсемгүл Ермекқызы «Озық педагогикалық тәжірибені жинақтап қорыту бойынша мектеп жұмысы туралы» презентация өткізді.

- Бүгін педагогикалық тәжірибені жинақтап қорыту - бұл педагогикалық кадрларды аттестаттауға қойылатын міндетті талап, әрбір педагог өзінің инновациялық жұмыс тәжірибесін жинақтап ұсына алуы тиіс, - деп атап өтті Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Назира Сайделенқызы Сабитова өз сөзінде.