ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Акварель бояуларындағы балалық шақтың жарқын түстері
19-05-2021 09:44
Акварель бояуларындағы балалық шақтың жарқын түстері

Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебі акварель кескіндемесі бойынша «Балалық шақтың жарқын түстері» тақырыбында облыстық байқау өткізді. Мақсаты - балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау, академиялық акварель кескіндеме техникасында кәсіби шеберлігін дамыту.

Байқауға Железин, Ақтоғай аудандарының, Ақсу қаласының балалар өнер мектептерінің, Екібастұз, Павлодар қалаларының балалар көркемөнер мектептерінің 63 оқушысы қатысты. Қатысушылардың суреттерінде балалық шақпен байланысты көңілді әңгімелер, балалардың сүйікті іс-әрекеттері, ойындар, балалардың достығын, ата-аналармен, жануарлармен қарым-қатынас қуанышын бейнелейтін ойын-сауық бейнеленген.

Қатысушылардың жұмыстарын Қазақстан Республикасы суретшілерінің мүшесі, Қазақстан Республикасы көркемөнер академиясының академигі Өсербай Аманжолұлы Шурановтың төрағалық етуімен, құрамында Қазақстанның халықаралық акварель қауымдастығының (IWS Kazakhstan) көшбасшысы, театр суретшісі Светлана Кравченко секілді қазылар алқасы зерделеді. Байқау қорытындысы бойынша 13 қатысушы жүлделі орындарға ие болды.

I орынды  Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің 16 жастағы оқушысы Садыкова Анель «Майский дождь» жұмысы үшін алды (ұстазы Лариса Алексеевна Кузнецова).

II орынды Ақсу қаласының балалар өнер мектебінің 15 жастағы оқушысы Хохлова Алина «Қуаныш» жұмысы үшін алды (ұстазы Жанна Жастілекқызы Ошмарина).

III орын «Балалық шағымның ертегісі» атты жұмысы үшін Екібастұз қаласының балалар көркемсурет мектебінің 13 жастағы оқушысы Алмяшева Данияға берілді (ұстазы Айсұлу Қайнарқызы Омарова).

Байқаудың дипломымен 10 оқушы марапатталды: Безверхова Валерия, 15 жас «Ауылдағы балалық шақ» жұмысы үшін, Свистунова Алина, 12 жас, «Желге қарсы» жұмысы үшін Ақтоғай балалар өнер мектебінің оқушылары (педагогі Борисовская Елена Юрьевна), - Ибраева Жанель, 11 жас «Жазғы бриз» жұмысы үшін,  Булатбаева Меруерт, 12 жас «Күтпеген олжа» жұмысы үшін Железин ауданы балалар өнер мектебінің оқушылары (педагогі Бадеева Татьяна Геннадьевна). «Балалық шақтағы құрбым» жұмысы үшін Екібастұз қаласы балалар көркемсурет мектебінің 13 жастағы оқушысы Адиля Қабдуова (педагогі Айдана Ардаққызы Әбілқасова), «Қуаныш» жұмысы үшін Ақсу қаласы балалар өнер мектебінің 17 жастағы оқушысы София Белоусова (педагогі Светлана Михайловна Ольховская) марапатталды. «Шырынды қарбыз» жұмысы үшін 13 жастағы Балин Евгений, , «Одуванчик» жұмысы үшін 12 жастағы Герасименко София, «Мұз айдынында»  14 жастағы Веселова Елизавета, «Орманда серуендеу» 14 жастағы Бауыржан Азиза, Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің оқушылары (педагогтар Решетова Наталия Владимировна, Ефремов Владимир Иванович, Рейн Светлана Евгеньевна) марапатталды.

- Павлодар мектебі көп жылдар бойы акварельді кескіндеме бойынша байқау өткізіп келеді. Қатысушылар тақырыпты ашып, акварельдің мөлдірлігі мен жеңілдігін жеткізе алды. Железинка және Ақтоғайдан келген қатысушылар қуантты. Жас дарындар акварель тәсілдерін игеруді жалғастырып, болашақта біздің елімізді халықаралық деңгейде таныстырады деп сенемін. Акварель - бұл күрделі басқарылатын орта, онда су басты рөл атқарады. Осы техниканың ең үздік заманауи өкілдері, олар оны жетік меңгеріп, керемет сұлулық туындыларын жасауды үйренді, - деп атап өтті Светлана Кравченко.