Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Үстел теннисінен ұлттық мектеп лигасының жүлдегерлері
20-05-2021 11:26
Үстел теннисінен ұлттық мектеп лигасының жүлдегерлері

Үстел теннисінен ұлттық мектеп лигасында Павлодар қаласының № 19 ЖОМ 5 - 6 сынып оқушылары облыс намысын лайықты қорғады. Жарыс 2021 жылғы 11 - 14 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында 5 - 6 сынып оқушылары арасында өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша облыстың құрама командасы жалпыкомандалық есепте II орын алып, күміс жүлдегер атанды. Команда құрамына 6 сынып оқушылары Әбішев Әлімжан, Жұмағалы Расул, Аманбайұлы Нұрғиса, 5 сынып оқушысы Пшембай Назерке кірді. Жүлдегерлердің жаттықтырушысы мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оспанов Ақылжан Нәдірұлы. Үстел теннисінен ұлттық мектеп лигасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының грамоталарымен, медальдарымен және кубогымен марапатталды.

Жүлдегерлер үстел теннисімен 1-сыныптан бастап айналысады, 2019 жылдан бастап Назерке Баянтау спорт кешенінде шұғылдануда. Әлімжан жасөспірімдер арасындағы үстел теннисінен облыстық турнирлердің жеңімпазы (2018, 2019 жылдар). Әр түрлі деңгейдегі іс-шараларға белсенді қатысады, оған математика, ағылшын тілі, тарих пәндері ұнайды, көркем әдебиеттерді оқығанды ұнатады, қазақша күреспен айналысады. Расул-жасөспірімдер арасындағы үстел теннисінен облыстық турнирдің жеңімпазы (2019 жыл), мектепте жақсы оқиды, математика, ағылшын тілін ұнатады. Нұрғиса облыстық, республикалық жарыстардың бірнеше дүркін қатысушысы. Назерке бос уақытында сурет салғанды, фотосуреттерді, бейнелерді өңдегенді ұнатады, ағылшын тілінде қосымша сабақтарға қатысады.