ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушыларға алаяқтардың тұзағына түспеу туралы айтылды
20-05-2021 14:48
Оқушыларға алаяқтардың тұзағына түспеу туралы айтылды

Павлодар мектептерінде кәсіпкерлік және бизнес негіздеріне оқыту элективті пән ретінде жүргізіледі. Бүгінгі күні осы пәнмен қаланың жиырмадан астам мектептерінің 10 - 11 сыныптары ішіндегі 1000-нан аса оқушысы, 6 мектептің 368 оқушысы Павлодар қаласының оқу-өндірістік комбинатында оқытылады.

Сондай-ақ, қаланың 42 мектебінде қаржылық сауаттылық кабинеттері жұмыс істейді, мектептердің 35 педагогы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша педагог кадрларды қайта даярлау курстарының білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Аталған пән аясында қалалық білім беру бөлімімен үнемі кездесулер ұйымдастырылып, оның барысында қала оқушылары Павлодар қаласының бизнес өкілдерінен және Halyk Bank қызметкерлерінен дәріс алады.

Бұл оң бастама балаларды қаржы әлемінде бағдарлануға, қазақстандық қаржы жүйесі жұмысының қыр-сырын түсінуге, қаржыны қалай дұрыс және тиімді пайдалану негіздерімен таныстыруға мүмкіндік берді.

Бүгінде қаржылық сауатты болу, алаяқтардан қорғану деген сөз. Halyk Bank өкілдері осындай адамдардың тұзағына түспеу туралы қарапайым кеңестермен бөліседі. Кездесулер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің бастамасымен өтеді.