ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мемлекеттік тілді оқыту сапасын арттыру перспективаларын талқылаймыз
20-05-2021 17:40
Мемлекеттік тілді оқыту сапасын арттыру перспективаларын талқылаймыз

Бүгін Павлодар қаласының білім беру бөлімінің басшысы С. О. Айтқазина қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен кездесті. ZOOM платформасында онлайн форматта 112 педагог қатысты.

Кездесу барысында 2021 жылғы 12 - 13 мамырда өткен «Қазақ тілін оқыту сапасын қамтамасыз етудегі педагогикалық тәжірибенің инновациялық бағыттары мен әдістері» тақырыбындағы І қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдер форумының қорытындысы талқыланып, алдағы жұмыс перспективалары талқыланды. Білім бөлімінің басшысы оқыту тәжірибесінің мәселелерін атап өтті: ауызша сөйлеу және еркін сөйлеу қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, коммуникативтік дағдыларды қалыптастырудың заманауи тиімді технологияларын енгізу, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға ықпал ететін өзекті мазмұн мен тәсілдерді пайдалану қажеттілігі, ата-аналармен жұмысты жандандыру.

Белсенді диалог барысында мұғалімдер мен мектеп директорының орынбасары Э. Е. Талипова, Г. А. Дүйсенбина, Г. А. Бекмурзинова, Г. М. Ниязбекова, Г. С. Әлкеева, г. С. Сүлеева, С. М. Арынова, Н. Абдулла, С. М. Шәріпова мемлекеттік тілді оқыту мәселелерін шешу бойынша өз ұсыныстары мен көзқарастарын білдіріп, өздерінің әдістемелік ой пікірлерімен бөлісті. Талқылау барысында мұғалімдер арасында олимпиада, инновациялық материалдар, бағдарламалар конкурстарын өткізу туралы идеялар айтылды. Мұғалімдер оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға ықпал ететін қазақ тілі оқулығы мен әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар жасау бойынша қала деңгейінде шығармашылық топ құруға ниет білдірді.

Кездесу барысында заманауи сабаққа қойылатын талаптарға, оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру барысында оның тиімділігі мен тәжірибелік   маңыздылығын арттыруға ерекше назар аударылды. Білім бөлімінің басшысы С. О. Айтқазина қатысушылар алдында мемлекеттік тілді оқыту сапасын арттыру бойынша ұсыныстар мен перспективаларды атап өтті. Мұндай кездесулердің форматын тұрақты ету туралы шешім қабылданды.