ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп директоры орынбасарының шығармашылық зертханасы
21-05-2021 16:13
Мектеп директоры орынбасарының шығармашылық зертханасы

    2021 жылғы 18 сәуірде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес № 41денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы мектебі «Денсаулық сақтау ортасы және білім беру процесін цифрландыру жағдайында жүйелі-әрекеттік тәсілді іске асыру» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

    Семинар шеңберінде мұғалімдер сапалы оқытуды қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау ортасы жағдайында заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (интернет платформалар, цифрлық білім беру ресурстары) тиімді пайдалану бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды.

  Төмендегі тақырыптарға: «1-сыныптағы жаратылыстану сабақтарында оқу-зерттеу қызметінің призмасы арқылы денсаулық сақтау технологияларын енгізу», Л. П. Косова, педагог-зерттеуші, «Денсаулық сақтау ортасы жағдайында оқушылардың ғылыми-практикалық қызметі» - В. А. Сафронова, В. В. Калачева, педагог-зерттеушілер, «Интернет платформалар арқылы географияның интерактивті сабақтарында денсаулық сақтау технологиялары, А. Г. Паскарь, педагог-модератордың баяндамалары ұсынылды.

    Мынадай тақырыптарға: «Learning Apps онлайн-порталы арқылы жаратылыстану және биология сабақтарында оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру үшін мультимедиялық интерактивті тапсырмаларды жасау және пайдалану» А. К. Сарсекеева, педагог-сарапшы, «Денсаулық сақтау ортасы жағдайында Quizizz платформасы арқылы биология сабақтарында интерактивті оқыту, мұғалім А. К. Байбусинова, «Физика және информатика сабақтарында интерактивті тапсырмалар жасау бойынша жұмыс тәжірибесінен» - Т. М. Ярешко, педагог-зерттеуші, «QR-код қосымшасын тиімді қолдану арқылы оқушылардың коммуникативтiк құзыреттiлгiн дамыту» - А. С. Шапауова, педагог-зерттеушілердің вебинарлар мен шебер-сыныптары өткізілді.

    Жас маман, педагог-психологтар А. М. Досалы «Денсаулық сақтау ортасы жағдайында математика сабағында 1-сынып оқушыларының ойын әрекеті», Р. Р. Хайруллина - «Дене шынықтыру сабақтарындағы заманауи денсаулық сақтау технологиялары» (жас мамандар) - Ю. В. Ряснова, «Білім беру процесін цифрландыру жағдайында оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау» (педагог-психолог) тақырыптарында сөз сөйледі.

     Вебинардың қорытындысы бойынша № 41 мектеп денсаулық сақтау ортасы және білім беру процесін цифрландыру жағдайында жүйелі-әрекеттік тәсілді іске асыру бойынша мектептің инновациялық мәртебесін растайтыны атап өтілді.