ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас мамандармен кәсіби шеберліктің құпияларымен бөлісті
24-05-2021 09:19
Жас мамандармен кәсіби шеберліктің құпияларымен бөлісті

Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінде бірінші жыл қазақ және орыс тілдерінде жұмыс істейтін 100-ден астам жас мамандар қаланың тәжірибелі педагогтарымен кездесті. «Жас маманның кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау» атты кездесу Павлодар қаласының білім беру бөлімімен, педагогикалық шеберлік орталығының филиалымен және Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе өткізілді. Мақсаты - жас маманның кәсіби өсуі мен қалыптасуын қолдау және одан әрі жетілдіру, әдістемелік көмек көрсету.

Кездесуде «ПроЛС» клубының және тәлімгерлер мектебінің жетекшісі, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова «Жас маманның кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында сөз сөйледі. Ол соңғы 3 жылда қала мектептеріне 367 жас педагог келгенін, олардың әрқайсысында тәжірибелі тәлімгер бар екенін атап өтті. «Педагог мәртебесі туралы» Заңды іске асыру шеңберінде 2020 жылғы қыркүйектен бастап педагог-тәлімгер лауазымы ресми енгізілді, қаланың 42 мектебінде 116 тәжірибелі тәлімгер тағайындалды және жемісті жұмыс істейді, оның ішінде 5 педагог-шебер, 111 педагог-зерттеуші.

- 2020 жылдың қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттаған жас мамандар үшін ең маңызды және қиын бірінші жыл аяқталуда. Қазіргі мектепте ынтымақтастыққа қабілетті, ұтқырлықпен, динамизммен ерекшеленетін, өз бетінше шешім қабылдай алатын білімді және шығармашылық мұғалімдер қажет. Әрбір жаңа қиындық, әрбір кедергі өзінің кәсіби жетілдіруінде сәл жоғары көтерілуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті сөз сөйлеуші.

Жас маманның кәсіби өсуі мен дамуының құпияларымен, 8 практикалық кеңестермен, өзін-өзі жетілдіру және өзін - өзі тәрбиелеу туралы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, «Үздік педагог - 2012» атағы мен төс белгісінің иегері, педагог-шебер, тәлімгер Бабич Ирина Михайловна жас педагогтармен бөлісті. Ол өзінің бірінші тәлімгері туралы айтып берді.

Қатысушылармен педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері, Buroakzent бүкілресейлік халықаралық тренерлер байқауының «Тәжірибелі жаттықтырушы - 2019» номинациясының жеңімпазы Мельникова Юлия Геннадьевна, «Жас маманның кәсіби өсуі мен қалыптасу процесінде және өзін-өзі ынталандыру тәсілдерінде қолдау көрсету ортасын құру» атты тренингін өткізді.

Шумахер Ольга Викторовна, Назарбаев мектебінің педагог-психологы, «Мұғалімнің психологиясы, оқу процесінде психологиялық құзыреттілікті қалай пайдалану керек» тақырыбында сөз сөйледі. Психология, жасөспірімдермен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, жас ерекшелік психологиясының білімін пайдалана отырып, вебинар қатысушыларының оқу үдерісінде оқушылармен жұмыс істеуге психологиялық дайындығын қалыптастыру және оқушылардың темперамент түрлерін ескеру бойынша білімдерін өзектендірді.

«Бүгін жас маман - ертең кәсіби педагог» диалогында қатысушылар тәлімгерлердің, тәжірибелі педагогтар мен жаттықтырушылардың кәсіби қалыптасуы мен өсуімен, жетістіктерімен танысты және сұрақтар қойып, ұсыныстар мен практикалық кеңестер алды, пікір алмасты. Тренинг материалдары электронды-әдістемелік дайджестке орналастырылды және тәжірибеде қолдану үшін қала мектептеріне таратылды.