ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқу жылының соңғы қоңырауы
25-05-2021 09:59
Оқу жылының соңғы қоңырауы

Соңғы қоңырау іс-шарасы дәстүрлі түрде 2021 жылғы 25 мамырда икемді кесте бойынша Павлодар қаласының 43 жалпы білім беретін мектебінде 1 - 11 сынып оқушылары үшін өтті. Іс-шараның мақсаты - 2020 - 2021 оқу жылының қорытындысын шығару, оқушылардың сыныптан сыныпқа көшуі, 11 сынып үшін мектеппен қоштасу.

9, 11 сыныптарға арналған салтанатты жиындар бас санитарлық дәрігердің келісімі бойынша санитарлық нормаларды сақтай отырып, мектеп ауласында ашық ауада өтті. 1 - 4 сынып оқушылары үшін сыныптарда сынып сағаттары, 5 - 8, 10 сынып оқушылары үшін сынып сағаттары онлайн форматта өтті.

Іс-шараға құрметті қонақтар, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Онлайн форматта мектепте жетістікке жеткен түлектердің бейне үндеулері тыңдалды.

Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям № 1 мектеп түлектерін мектеп бітірулерімен құттықтады. Биыл аталған мектепте «Заманауи мектеп» жобасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны қуантады.

Оқу жылының қорытындысы бойынша мектептерде жетістіктерге қол жеткізген үшін 8795 оқушы марапатталды, оның ішінде 11-сыныптың 578 оқушысы үздік жетістіктері үшін мақтау грамотасымен, 2 - 8, 10-сыныптардың 8217 оқушысы мақтау грамотасымен марапатталды. «Менің үй кітапханам» қалалық байқауының қорытындысы шығарылды. 22 оқушы, байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломымен және сыйлық сертификаттарымен, 137 оқушы номинанттар Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамотасымен және «Ұлы Жібек жолы» кітабымен марапатталды.

Ағымдағы оқу жылында Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 1 -11 сыныптарының 46 мыңнан астам оқушылары бітіреді, оның ішінде 11-сыныпты 1414 түлек және 9-сыныпты 3439 түлек тәмәмдады. 11 сынып түлектерінің ішінде «Алтын Белгі» үздік аттестатына 50 және үздік аттестатқа 32 үміткер бар. 6 мамыр мен 30 маусым аралығында ҰБТ-ны 1161 түлек тапсыру жоспарлануда.

Сондай-ақ, 26 мамыр мен 19 маусым аралығында барлық ниет білдірген білім алушылар үшін ата-аналардың өтініші бойынша оқыту сапасын арттыру және шектеу шаралары кезеңінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында «Жазғы мектеп» жұмысы ұйымдастырылатынын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда 1 - 10 сынып оқушыларының жалпы санынан 12 мыңнан астам оқушы әртүрлі пәндер бойынша білім алғысы келеді.