ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Менің үйдегі кітапханам» қалалық байқауының 159 қатысушысы марапатталды
25-05-2021 11:37
«Менің үйдегі кітапханам» қалалық байқауының 159 қатысушысы марапатталды

2021 жылдың 25 мамырда Соңғы қоңырау шарасында «Менің үй кітапханам» қалалық байқауының 159 жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, номинанттарын салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді. Байқау бір ай бойы өтті, ұйымдастырушы - Павлодар қаласының білім беру бөлімі. Байқауға қаланың 43 жалпы білім беретін мектептерінің 1 - 11 сыныпта оқитын 1500 оқушыларымен «Менің үйдегі кітапханам» тақырыбында бейнероликтер ұсынылды.

Байқау шарты бойынша 3 минуттық бейнероликте қатысушы өзінің үй кітапханасы, бір кітап туралы қысқаша шолу жасап, сүйікті бір туындысынан үзінді мәнерлеп немесе жатқа оқуы тиіс еді.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласының білім беру бөлімінің Алғыс хатымен оқырман мәдениетін қалыптастырғаны және байқауға белсенді қатысқаны үшін Қ. Макпалеев атындағы, Б. Момышұлы атындағы, № 9, 5, 11, 17, 25, 28, 36, 39, 41, Кенжекөл ЖОМ марапатталды.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері-22 оқушы, номинанттары - 137 оқушы болды.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамотасы және сыйлығымен № 25 мектептің 11 сынып оқушысы Айтуарова Жасмин марапатталды.

- Кітап - өмірдегі ең үздік ұстаздардың бірі. Олар адам дамуының барлық кезеңдерінде бірге жүреді. Бала кезімнен кітап оқуға дағдыланғанмын. Байқаудың арқасында менің атам мен әжем жинаған үй кітапханасы туралы айтуға мүмкіндік туды. Мен үшін, біздің үй кітапханасы, кітаптар мен өлеңдер оқуға деген сүйіспеншілігімнің бастауы болды. Кітаптар рухани өсуге, әлемді сүюге және құрметтеуге, сөздік қорын толықтыруға көмектеседі. Мен түрлі оқулар мен байқауларға қатыса бастадым, бұл маған мамандық таңдауға көмектесті, - дейді Айтуарова Жасмин.

Б. Момышұлы атындағы мектептің 6 сынып оқушысы Таттыбаева Томирис, № 9 гимназия-мектебінің 9 сынып оқушысы Косарева Варвара, М. Әлімбаев атындағы мектептің 9 сынып оқушысы Рауш Арианда, № 25 мектептің 2 сынып оқушысы Қайрат Гүлімжан Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамотасымен және сыйлықпен марапатталды.

Томирис үй кітапханасы сиқыр мен білімнің бұрышы деп санайды. Кітаптар адамдарға бақыт сыйлайды, дамуға және толыққанды өмір сүруге көмектеседі. Ең бастысы - адамның кітапқа деген көзқарасы. Менің ойымша, үй кітапханасы - бұл адамның ішкі әлемінің көрінісі. Өйткені, біз алған кітаптар біздің қызығушылықтарымызды, білімімізді көрсетеді.

- Біздің кітапханада түрлі тақырыптағы 3 мыңнан астам кітаптар бар. Біз көп саяхаттаймыз және біз болған қаланың немесе елдің кітапханасына баруды ұмытпаймыз. Мен көркем әдебиетті оқығанды ұнатамын, әсіресе тарихи әдебиетті жақсы көремін, - дейді Варвара.

Арианда «Кітап монополиясы» ойын-викторинасын отбасы ортасында ойнағанда, кітап оқыған қалай көмектесетіні туралы өз әсерлерімен бөлісті. Әр үйде кішкентай немесе үлкен үй кітапхана бар. Ата-аналар мен балалар сүйікті кітаптарымен бірге, отбасылық кештерде отырғандары, жақсы естеліктер тудырады. Менің ойымша, интернет пен электронды кітаптың ғасырына қарамастан, парақтардың шуы әрқашан адамзатты таң қалдырады және қызықтырады.

Қайрат Гүлімжан, байқаудың ең жас жеңімпазы: «Мен осындай байқаудағы алғашқы жетістігіме қуаныштымын. Мен кітап оқығанды ұнатамын, өйткені кітап оқу ой-өрісінді кеңейтеді, есте сақтау қабілетін байытады, ойлауға көмектеседі. Үйде кітап оқу - отбасылық дәстүр. Осы байқаудың арқасында мен барлық кітапханамды көрсете алдым.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамотасымен және сыйлықтарымен II орын үшін 6 оқушы - № 11 мектептің Ковалев Радомир (3 сынып), № 17 - Граблева Аделина (8 сынып), № 35 - Шарманова Ақпейіл (4 сынып), Солтанбай Таңнур (3 сынып), № 39 - Колесников Евгений (3 сынып), Б. Момышұлы атындағы - Беқболат Нұрәлі (1 сынып) марапатталды.

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамотасымен және сыйлықтарымен III орын үшін 11 оқушы - № 2 мектептің Азимбай Әлтаир (2 сынып), № 11 - Жұманиязов Аңсат (2 сынып), № 21 - Ахметзянов Тимур (4 сынып), № 24 - Искаков Алланұр (10 сынып), № 25 - Қанат Тұмар (2 сынып), № 34 - Тлектесов Аслан (8 сынып), № 36 - Бехтольд Анна (2 сынып), № 37 - Әбдіков Жандос (5 сынып), № 39 - Ақылбек Зарина (2 сынып), Б.Момышұлы атындағы - Төлегенова Жансая (2 сынып) марапатталды.

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің дипломымен және сыйлықтарымен 16 номинация бойынша қаланың 131 оқушысы марапатталды.

«Атадан қалған мұра» номинациясында 12 оқушы - № 19, 24, 25, 41, Кенжекөл мектептері, «Абайды оқып, білемін» 5 оқушы - № 25, Б. Момышұлы атындағы мектеп, «Бүкіл отбасымызбен оқимыз» 3 оқушы - № 25, 39 мектептер, «Отбасылық жәдігер» 11 оқушысы - № 7, 17, 25, 41, Бекхожин атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Әлімбаев атындағы мектептер, «Менің кітапханам - менің мақтанышым» 14 оқушы - № 17, 20, 21, 24, 25, 26, 29, 33, 39, 41, Б. Момышұлы атындағы мектептер, «Қазақ әдебиетінің білгірі»  6 оқушы -  Бекхожина, № 16, 20, 31, 33, 38 мектептер, «Ең креативті сюжет» 15 оқушы - № 7, 11, 21, 25, 29, 35, 36, 40, 41, 43, Бекхожин атындағы, Кенжекл мектептері, «Үзіндіні мәнерлеп оқу» 3 оқушы - № 1, 39, «Өзім оқимын, достарымды тартамын» 20 оқушы - № 1, 9, 11, 17, 25, 39, 40, 41, 43, Бекхожин атындағы, Әуезов атындағы, Жетекші, Кенжекөл мектептері, «Ең көркем оқырман» 5 оқушы - № 16, 18, 29, 40, Әуезов атындағы, «Самый сказочный видеоролик»  12 оқушы - № 11, 15, 19, 21, 25, 29, Мақпалеев атындағы, Б. Момышұлы, «Ең музыкалық бейне» 7 оқушы- № 16, 18, 29, Б. Момышұлы атындағы, Әлімбаев атындағы, Кенжекөл мектептері, «Самый любознательный читатель» 13 оқушы - № 7, 17, 18, 19, 25, 29, 33, 41, Макпалеев атындағы, Б.Момышұлы атындағы, Әуезов атындағы, «Жас коллекционер» 3 оқушы - № 31, 40, Мақпалеев атындағы, «Батырлар жарының өнегесі» № 25 ЖОМ оқушысы, «Сүйімді оқерман» - № 25 оқушысы марапатталды.

«Оқитын мектеп - оқитын ұлт» жобасы аясында Павлодар қаласының білім беру бөлімі оқушылардың, ата-аналардың, педагогтардың қатысуымен READx кітаптарының аннотациясы, «Ең оқитын сынып», ата-аналар арасында эссе, «Барлық сыныппен оқимыз» жалпы қалалық челленджі бойынша қалалық байқауларды өткізуді жоспарлап отыр.