ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстың спорт қоржының екінші сынып оқушылары қола медальмен толықтырды
26-05-2021 09:33
Облыстың спорт қоржының екінші сынып оқушылары қола медальмен толықтырды

 

Ұлттық Мектеп лигасы аясында Алматы қаласында 2021 жылдың 17 - 23 мамыр аралығында 2-сынып оқушылары арасында футболдан «Былғары доп - Балдаурен» жарысы өтті. Облыс намысын Кенжекөл ЖОМ-ның 2-сынып оқушыларынан құралған футбол командасы лайықты қорғады. Олар облыстың спорттық қоржының тағы бір қола медальмен толықтырды.

Команда құрамына Абдулла Бекзат, Берік Жәнгір Дәулетұлы, Серікжан Сардар Сержанұлы, Ермеков Әміржан Русланұлы, Жұмабек Самир Асхатұлы, Маратбеков Бекарыс Әділұлы, Мухатов Алан Алмасұлы, Өтегенов Әміржан Сағадатұлы, Тасмағамбетов Ерасыл Бейбітұлы кірді. Үздік қорғаушы болып Өтегенов Әміржан танылды.

- Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар командалық кубокпен, медальдармен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының тиісті дәрежедегі дипломдарымен марапатталды. Осындай деңгейдегі жеңіс-бұл балалар футболын дамыту жолындағы үлкен қадам. Біз қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмаймыз, жұмысымызды жалғастырамыз. Жеңістен, қуаныш әсерден эмоциялар ұзақ уақыт бойы балалар мен мені жағымды көңіл-күймен қуаттайды. Мұндай жарыстарға бару сіздің күшіңізді тексеруге, қазіргі, үлкен алаңдағы жарыстарға қатысуға ғана емес, сонымен қатар ұмытылмас кездесулер мен таныстарға мүмкіндік береді. Балаларға Медеудегі экскурсия жарқын әсер қалдырды, - дейді Жаңабай Қайырбекұлы.

Команда 1-сыныптан бастап құрылды, олардың көпшілігі 5 - 6 жастан бастап футболмен айналысып келеді. Бүгінге дейін осы балалар облыстық футбол жарыстарында I орын алды (2021 жыл).

Кенжекөл мектебінде бірінші сыныптан бастап футболмен айналысатын 90 астам оқушыдан 4 команда жұмыс істейді. Балалар мектеп пен «Сұңқар» балалар-жастар клубының аумағында орналасқан футбол алаңында жаттығады. Мектептегі футболға деген құштарлықты тамаша педагог, футбол жаттықтырушысы Абенов Жанабай Қайырбекұлы баулып, жас спортшыларға өзінің шеберлігі мен білімін жеткізуде. Жаңабай Қайырбекұлы түрлі деңгейдегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанған футболшылардың бірнеше буынын тәрбиеледі. Оның көптеген тәрбиеленушілері футболды болашақ мамандығы бойынша таңдады.