ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық балалар бақытты балалық шақ туралы композициялар жасады
26-05-2021 10:36
Павлодарлық балалар бақытты балалық шақ туралы композициялар жасады

Балалардың құқықтарын қорғау күні мерекесі қарсаңында Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Бақытты балалық шақ» атты асфальтта балалар суреттерінің республикалық байқауының қалалық кезеңін өткізді. Мақсаты - балалардың шығармашылық қабілеттері мен көркем қиялын дамыту, балалардың көркем шығармашылығына ықпал ету. Байқауға 5 - 6 жастағы мектеп жасына дейінгі 67 бала қатысты.

- Қатысушылармен асфальтта түрлі-түсті бормен 45 жұмыс орындалды. Суреттің тақырыпқа, техникаға, идея мен композицияның бірегейлігіне сәйкестігі бағаланды, - дейді Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Рахымжанова Құндыз Мұратханқызы.

Байқаудың қорытындысы бойынша «Ең тату команда» номинациясы бойынша № 122 мектепке дейінгі гимназия «Бақытты балалық шақ» композициясы үшін, «Шығармашылық орындау» номинациясы бойынша «Бақытты балалар - бейбіт елдің тірегі» композициясы үшін - Жаминке Амира (№ 120 сәбилер-этномәдени тәрбие орталығы), «Үздік композиция» номинациясы бойынша «Көңілді балалық шақ» композициясы үшін Сатвалдина Жәния (№ 51 балабақша), «Ерекше ойлау» номинациясы бойынша «Жарқын болашақ» композициясы үшін - Унербекова Амира (№ 48 сәбилер-балабақша), «Позитивті көзқарас» номинациясы бойынша «Балалық шақ әлемі» композициясы үшін - Басарова Мира (№1 сәбилер-балабақшасы), «Ой бірегейлігі» номинациясы бойынша «Сұлу көбелек» композициясы үшін - Землянушина Элина (№ 2 сәбилер-балабақшасы), «Көркем мәнерлілік» номинациясы бойынша «Бақыт - бұл мен және менің достарым» композициясы үшін - Луб Вероника (№ 24 сәбилер-балабақшасы), «Үздік көркем шешім» номинациясы бойынша «Сәлем жаз!» композициясы үшін - Бапина Варвара (№ 18 балабақша), «Африкада, Африкада...» композициясы үшін - № 82 арнайы сәбилер-балабақшасы), «Су әлемі» композициясы үшін «Креативті қиял» номинациясы бойынша - Арынов Рамиз, Сағынтай Ералы (№ 44 сәбилер-балабақшасы) марапатталды.

- № 51 сәбилер-балабақшасының тәрбиеленушісі, 6 жастағы Сатвалдина Жәнияның «Көңілді балалық шақ» композициясы, байқаудың қалалық және облыстық кезеңдерінде үздік атанды. Жәния енді «Бақытты балалық шақ» атты асфальттағы балалар суреттері байқауының республикалық кезеңінде біздің облысты таныстырады», - дейді Құндыз Мұратханқызы.