ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп лигасының баскетболдан Ұлттық кубок иегерлері
27-05-2021 09:13
Мектеп лигасының баскетболдан Ұлттық кубок иегерлері

Ұлттық баскетболдан мектеп лигасы 5 - 6 сынып ұлдары арасында Талдықорған қаласында 2021 жылғы мамырдың 16 - 24 аралығында өтті. № 26 ЖОМ баскетболшылары облысымызды лайықты қорғап, жеңімпаз атанды.

Команда құрамына 6-сынып оқушылары Золотухин Хурсанд, Зинченко Никита, Швайцер Владислав, Алисиевич Михаил, Раскопов Даниил, 5-сынып оқушылары Борисенко Виктор, Коновалов Марк, Алтухов Кирилл бар.

- Біз өз жеңісімізге өте қуаныштымыз, себебі ол бізге үлкен еңбекпен келді, жарысқа біз мектебіміздің абыройын, туған қаламызды және облысымызды қорғау үшін келдік, сондықтан да жеңіс үшін барынша күш-жігерімізді салдық, - дейді команда капитаны, Золотухин Хурсанд.

Команда лига кубогымен, алтын медальмен, грамоталармен марапатталды. Золотухин Хурсанд «Үздік ойыншы» жүлдесіне ие болды. Жеңімпаз команданы дайындағаны үшін мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Васильева Анна Сергеевна Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының алғыс хатымен марапатталды.

Мектебімізде команда 2019 жылдан бастап бар. Үш жыл қатарынан мектеп оқушылары қалалық (2020, 2021 годы), облыстық (2019 год) жарыс жеңімпаздары атанды. 2021 жылы баскетболдан Республикалық ұлттық мектеп лигасында қыздар командасы 5 - 6 сынып оқушылары арасында I орын иеленді. Мектеп оқушылары, команда капитандары Миллер Кира мен Золотухин Хурсанд 2021 жылы соңғы үш республикалық жарыста «Үздік ойыншы» жүлдесін алды.