ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Оқу жоспарының вариативтік бөлігіне арналған үздік авторлық бағдарламалар» атты тәрбиешінің авторлық бағдарламасы республикалық жинаққа енді
28-05-2021 09:29
«Оқу жоспарының вариативтік бөлігіне арналған үздік авторлық бағдарламалар» атты тәрбиешінің авторлық бағдарламасы республикалық жинаққа енді

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары үшін «Оқу жоспарының вариативтік бөлігіне арналған үздік авторлық бағдарлама» байқауын өткізді. Облыстық команда құрамында Павлодар қаласының № 6 мектепке дейінгі гимназиясының тәрбиешісі Шекеева Венера Бейсембайқызы да бар. Байқауға «Бестемше», «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойындар әліппесі» авторлық бағдарламаларын ұсынды.

- Менің бағдарламам 3 - 6 жастағы балаларға арналған және жұмыстың ойын формасы арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған. «Бестемше», «Тоғызқұмалақ» ойындарын пайдалану кезінде ойын ережелерімен, жарыс шарттарымен, тактикалық тәсілдерді қолданумен танысады. Бағдарламаны облыстың білім беруді дамытудың инновациялық орталығы рецензиялады, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен рецензияланған және пайдалануға ұсынылған. 3 жылдық апробация кезеңінде мектепке дейінгі гимназияда сабақтар жүйесін әзірлеудің кешенді-мақсатты тәсілін талдау жүзеге асырылды, - дейді Венера Бейсембайқызы.

Байқаудың қорытындысы бойынша «Оқу жоспарының вариативтік бөлігіне арналған үздік авторлық бағдарламалар» атты авторлық бағдарламасы 15 үздік бағдарлама қатарында республикалық жинаққа кірді, байқау қатысушылармен 50-ден астам бағдарлама ұсынылды. «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының алғыс хатымен марапатталды.

- Венера Бейсембайқызы, тәжірибелі тәрбиеші, жұмыс өтілі 12 жыл, осы балабақшада 3 жыл жұмыс істейді. Осы кезеңде ол 2021 жылы «Оқу жоспарының вариативтік бөлігіне арналған үздік авторлық бағдарлама» байқауының облыстық кезеңінің гран-при иегері атанды. Қалалық «Үздік әдістемелік-дидактикалық материал», «Авторлық бағдарлама» байқауларының жеңімпазы және жүлдегері болып табылады. ««OQU-ZAMAN» республикалық білім беру орталығының «Заманауи педагогика - 2020» байқауының жүлдегері», - дейді мектепке дейінгі гимназия жетекшісі Қожабаева Лазат Мырзабайқызы.