ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бүгін қала мектептерінде 9 (10) сынып оқушылары үшін алғашқы емтихан басталды
28-05-2021 17:05
Бүгін қала мектептерінде 9 (10) сынып оқушылары үшін алғашқы емтихан басталды

2021 жылғы 28 мамырынан 5 маусымына дейін санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, жаңартылған білім беру мазмұны аясында Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінде 9 (10) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау өткізілуде. Бүгін қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі пәнінен және орыс тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі пәнінен эссе түрінде 9 (10) сыныптардың 3325 түлектері, оның ішінде қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастармен байланыста болған 36 оқушыға арналған алғашқы жазбаша емтиханы өтті. Алдағы уақытта 2 пән бойынша емтихан тапсырады: математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.

11-сынып білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 2021 жылғы 1 - 10 маусым аралығында өтеді. Мектеп түлектері төрт пән бойынша емтихан тапсырады: оқыту тілінен эссе түрінде жазбаша емтихан, алгебра және талдау бастауларынан жазбаша емтихан, Қазақстан тарихы бойынша тестілеу, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі бойынша тестілеу және қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі бойынша тестілеу.

2020 - 2021 оқу жылын 46 мыңнан астам оқушы аяқтауда, оның ішінде 11 сынып түлектері - 1414, 9 сынып - 3417. 11 сынып түлектерінің ішінде 49 оқушы «Алтын белгі» аттестатына  және 32 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.