ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық байқаудың 12 үздік авторлық бағдарламасы
31-05-2021 09:38
Облыстық байқаудың 12 үздік авторлық бағдарламасы

Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2021 жылғы 27 мамырда «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқаудың облыстық кезеңінің қорытынды кезеңін өткізді. Мақсаты - оқу пәндерінің, элективті курстардың, арнайы курстардың және пәндер бойынша таңдау курстарының авторлық бағдарламаларын жасайтын үздік педагогтардың озық авторлық тәжірибесін анықтау және тарату.

Байқауға қалалық, аудандық іріктеу кезеңдерінен өткен облыстың білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлерінің педагог қызметкерлерінің 102 авторлық бағдарламалары ұсынылды. Қорытынды кезеңге сараптама комиссиясының қорытындысы бойынша облыс педагогтердің 30 авторлық бағдарламасы жіберілді.

Байқау материалдарын қорғау қорытындысы бойынша 16 жеңімпаз анықталды, оның ішінде Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының 12 педагогі.

ІІ орын «Бастауыш мектеп, мектепке дейінгі білім беру» бағыты бойынша «Экологиялық білім негіздері» бағдарламасы үшін М. Әуезов атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Безрукова Юлия Алексеевна алды.

Кенжекөл мектебінің информатика пәні мұғалімі Гүлназ Зарлыққызы Шушпаева «Python бағдарламалау үйренейік» «Физика-математикалық пәндер» бағытында ІІІ орынды иеленді.

І орынды «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» бағыты бойынша «Қойма оқуы» бағдарламасы үшін № 2 мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жүрсінова Гүлжан Темірбайқызы, ІІ орынды «Сауатты оқырман мектебі» бағыты бойынша «Еркін тіл» бағдарламасы үшін № 1 мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Баймбетова Айгүл Сайлаубайқызы, № 43 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абильдинова Айнұр Еркінқызы, «Табысқа жету қадамдары» бағдарламасы бойынша ІІІ орынды № 35 мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аубакирова Манат Камелқызы иеленді.

ІІ орынды «Эстетикалық пәндер» бағытында «Актерлік шеберлік» бағдарламасы үшін № 6 мектепке дейінгі гимназияның музыкалық жетекшісі Кабдул Сания Бекмұрзакызы, «Спорттық бал хореографиясынан сабақтарды өткізудің әдістемелік негіздері» бағдарламасы үшін № 16 лицей-мектебінің хореография педагогі Виалетта Александровна Никитина иеленді.

«Қосымша білім беру» бағытында І орынды «Экология және біз» бағдарламасы үшін қосымша білім беру педагогі Зарина Маратқызы Жапарова, ІІ орынды «Туристік көпсайыс» бағдарламасы үшін қосымша білім беру педагогі Ирина Валерьевна Ридзаускене, «Спорттық туризм» бағдарламасы үшін қосымша білім беру педагог» Владислав Юрьевич Ридзаускас, «Туризм - мамандық» бағдарламасы үшін ІІІ орынды балалар - жасөспірімдер экология және туризм орталығының қосымша білім беру педагогі Сергей Николаевич Агалаков иеленді.