ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
4 сынып оқушылары арасындағы «Былғары доп - Балдәурен» жарысының жеңімпаздары
31-05-2021 10:22
4 сынып оқушылары арасындағы «Былғары доп - Балдәурен» жарысының жеңімпаздары

Қазақстандық спорттың жарқын болашағы ұлттық мектеп лигасының тарихымен байланысты. 2021 жылдың 24 - 28 мамыр аралығында Алматы қаласында мектеп лигасы аясында 4 сынып оқушылары арасында футболдан «Былғары доп - Балдәурен» жарысы өтті. Балалардың сенімділігі мен тілектерін орындауға бағытталған жарыс өте қызықты өтті.

Мектеп спортына қадам басқан облыс оқушылары кішкентай болса да, өз мұғалімдерінің үмітін ақтады. Біздің облысты таныстырған Павлодар қаласының № 25 ЖОМ құрама командасы I орын алды. Команда құрамына Құдайберген Алдияр, Қайырбек Сұлтан, Баймұратов Ильяc, Аккузинов Ернұр, Ескенов Дархан, Әли Шерхан, Қошбай Абай, Ержан Аймұхамбет, Ғарифолла Әлижан, Әбухасен Еділ кірді. Чемпиондарды тәрбиелеген жаттықтырушылар, мектептің дене шынықтыру мұғалімдері Әубәкіров Ермек Мұхтарұлы, Алашпаев Жанайхан Анарбекұлы.

Футболдан «Былғары доп - Балдәурен» ұлттық мектеп лигасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының кубоктарымен, дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары баскетболдан ұлттық мектеп лигасының кубогына 5 - 6 сынып ұлдар арасындағы № 26 ЖОМ командасы ие болды, 7 - 8 сынып ұлдар арасындағы № 28 ЖОМ командасы күміс жүлдегері, қыздар арасындағы жарыста№ 14 ЖОМ командасы қола жүлдеге ие болды. Кенжекөл ЖОМ командасы 2-сынып оқушыларының ұлдар арасындағы өткен футбол бойынша қола жүлдегері, 5 - 6 сыныптың ұлдар арасындағы үстел теннисінен № 19 ЖОМ командасы күміс жүлдегері атанды.