Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Зерттеу қызметі туралы қала мектептерінің жұмыс тәжірибесі
01-06-2021 09:27
Зерттеу қызметі туралы қала мектептерінің жұмыс тәжірибесі

2021 жылғы 26 - 28 мамырда Қазан қаласында өткен «Педагогикалық білім беру: жаңа сын-тегеуріндер мен мақсаттар» атты VII халықаралық педагогикалық білім беру форумында (IFTE - 2021) Павлодар қаласы М. Әуезов атындағы мектептің басшысы И. Ж. Тургульдинова, бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Б. М. Акишева «Мектеп-ЖОО: мектеп мұғалімдерінің зерттеу қызметін ұйымдастыру тәжірибесі» атты өз зерттеулерін ұсынды. IFTE - 2021 форумы педагогикалық білім беру бойынша әлемдегі ең ірі мамандандырылған ғылыми алаңдардың, педагогикалық білім беру саласындағы зерттеулер нәтижелерін аралас форматта ілгерілетуге ықпал ету мүмкіндіктерінің бірі болып табылады.

М.Әуезов атындағы мектеп 15 жыл бойы «Үштілді оқыту жағдайында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру» республикалық экспериментті енгізу бойынша жұмыс істеп келеді - жаратылыстану-математикалық цикл пәндері ағылшын тілін, Қазақстан тарихы қазақ тілін қолдану арқылы жүргізіледі. Жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастықтың арқасында, ғылыми жетекші п.ғ.д. К. Н. Болатбаевамен, мектеп педагогтары бастауыш сатыда оқушылардың ана тілінде сөйлеуін дамытуды қарастыратын элективті курстар бағдарламасын, 5 - 6 сыныптарда көптілділік пропедевтикасын, 7 - 9 сыныптарда ағылшын тілін пайдалана отырып пәндер мен арнайы курстарды оқытуды қарастыратын бағдарламалар кешенін әзірледі.

Мектеп Инновациялық Еуразия университеті студенттерінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті магистрлерінің дипломдық және магистрлік жобаларын дайындау шеңберінде зерттеулер жүргізуге қатысады, мониторингтік рәсімдерді жүргізеді және өз зерттеулерін жүргізу үшін диагностикалық материалдарды жинақтайды. К. Н. Болатбаеваның оқытудың авторлық когнитивті-коммуникативтік технологиясы эксперименттік сыныптардың интеграцияланған сабақтарында енгізілді және сыналды. Сондай-ақ, тарих пәнінің мұғалімі Ж.Ж. Касеновамен республика деңгейде «Көптілді сыныптардағы Қазақстан тарихы сабақтарында когнитивті-коммуникативтік технологияны қолданудың тиімділігі» атты технологияны қолдану тәжірибесі ұсынылды (2018 жыл).

         30 мұғалім әртүрлі зерттеу тақырыптары бойынша өздерінің педагогикалық тәжірибелерін жинақтады. Жаратылыстану-математикалық циклдегі 9 мұғалімнің ағылшын тілін қолдана отырып сабақ жүргізуге мүмкіндік беретін сертификаттары бар. Қалалық және облыстық байқаулардың қорытындысы бойынша 10 жыл бойы ағылшын тілінде биология пәнінен сабақ беріп келе жатқан тәжірибелі мұғалім Е. В. Иванова бірнеше рет «Үздік көптілді мұғалім» атанды. Соңғы 5 жылда «Үштілді білім беру бойынша үздік әдістемелік-дидактикалық материалдар» қалалық және облыстық байқауларында 10 әдістемелік құрал ұсынылды, олар қазақ және ағылшын тілдерінде апробациядан өтті.

         Мектеп педагогтері халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-практикалық конференциялардың қатысушылары бола отырып, «Көптілді орта - идеядан практикаға», «Тілдік емес пәндерді қостілді оқытудың когнитивті-коммуникативтік технологиясы», «Қоғамдық сананы жаңғырту тұжырымдамасы аясында шетел филологиясы мен лингводидактиканың өзекті мәселелері: көптілді білім беру қағидаттары» мәселелерін талқылауға қатысты.

         Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мұғалімдердің зерттеу мәдениетін арттыруға ықпал етеді: 8 адам - Торайғыров университетінде, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Инновациялық Еуразия университетінде, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде магистрлік диссертацияларын қорғады, 5 адам магистратурада оқиды. Қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту жағдайында 15 мұғалім «Өрлеу» республикалық білім беру арнасында орналастырылған «Ағылшын тілі», «Қазақстан тарихы», «Орыс тілі», «Орыс әдебиеті», «Әдебиеттік оқу» пәндері бойынша цифрлық сабақтар контенттерінің әзірлеушілері болып табылады.

     Сондай-ақ, 5 жыл ішінде мектеп түлектерінің жоғары оқу орындарына түсуі ынтымақтастықтың тиімділігі болып табылады: Торайғыров университетіне - 39, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетіне - 8, Инновациялық Еуразия университетіне - 5, Ресей жоғары оқу орындарына - 26 түлек оқуға түсті.

        Жүргізілген зерттеу мектеп пен университеттің ынтымақтастығы, педагогтарды ғылыми-зерттеу қызметіне практикалық даярлау мүмкіндігі, бірлескен жобаларды әзірлеу және оларды ғылыми сынақтан өткізу қажеттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Мектеп технологиялар мен әдістерді қолданудың тиімділігін бақылаудың ғылыми негізделген құралдарын алады. Зерттеу нәтижелері мектепті дамыту бағдарламаларын, орта білім беру шеңберінде іске асырылатын оқу жоспарларын әзірлеу, көптілді оқытуды ұйымдастыру үшін салыстырмалы зерттеулерді іске асыру кезінде пайдаланылуы мүмкін.