ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың білім беру ұйымдарындағы балалық шақ мерекесі
01-06-2021 11:46
Қаланың білім беру ұйымдарындағы балалық шақ мерекесі

«Бақытты бала - бақытты ел» республикалық акциясы аясында Павлодар қаласының білім беру ұйымдарында халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді.

Іс-шаралар 8 бағыт бойынша өтті, жалпы 18000-нан астам бала қамтылды.

Қала мектептерінде, балалар музыка мектебінде «Отбасында бақытты өмір сүру» бағытында отбасылық ұжымдар арасында «Отбасы - музыкалық таланттардың негізі», жас блогерлер арасында «Менің арманым» тақырыбында, көп балалы отбасылар арасында 1000 баланы қамтитын «Мен - өмірдің гүлімін» үздік отбасылық ролигіне байқаулар өткізілді.

29-30 мамыр аралығында «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағытында балалар техникалық мектебінде сәндік - қолданбалы өнер үйірмелерінің шығармашылық презентациясы мен қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Мектептерде «Табысты болу құқығы», қала мектептерінің табысты түлектерімен «Өз жетістіктерім туралы айтқым келеді», колледж өкілдерімен «Мамандықтар әлемі», мемлекеттік органдар басшыларымен балалар өкілдіктерінің «Барлығы балалар үшін» онлайн-кездесулері өтті. 3000-нан астам бала қамтылды.

«Құқықтық шолғыншы» бағытында қала мектептерінде оқушылармен, ата-аналармен құқықтық тақырыптар бойынша әңгімелесулер өткізілді, жазғы кезеңде мінез-құлық қағидаларын түсіндіру мәселелері бойынша КТБ инспекторларымен кездесулер өткізілді.

«Балалар бастауы» бағытында қаланың 40 мектебінде 1 - 4 сынып оқушыларына арналған мектеп жанындағы лагерьдің 1-ші маусымының ашылуы бойынша салтанатты іс-шаралар өткізілді. 2 маусым ішінде 15 күннен 12000-нан астам бала демалыспенн қамтылады. Балалар техникалық мектебінде 150-ден астам баланың қатысуымен «Бала creative» байқауы өткізілді.

«Таңғажайып әлемі» бағытында балалар «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубында «Жануарлар біздің досымыз» фотоконкурсына, «Жаз келді» атты асфальтта сурет салу байқауына, би батліне, «Дружат дети всей Земли» бейнероликтерінің челленджіне қатысты.

«Мейірімділік – балаларға» бағытында ерекше білім беруді қажет ететін бар балаларға қала оқушылары сыйлықтар дайындады. Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «Самал» РО тәрбиеленушілерімен «Туризм элементтерімен кедергілер жолағы» жарысын өткізді.

«Спорт әлемінде» бағытында қала мектептері 10000-нан астам оқушыларының қатысуымен «Сәлем, жаз» флешмоб-жаттығуын өткізді. Балалар техникалық мектебінде техникалық шығармашылық үлгілерінің көрмесі, робототехника бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Санитарлық нормаларды сақтауды ескере отырып, таза ауадағы спорттық іс-шараларға 10000-нан астам бала қатысты. Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда «Салауатты рух - дені сау ұлт» спорттық - музыкалық ойын-сауық өткізілді.

«Бала қауіпсіздігі» бағытында суда, су объектілерінде тәртіп ережелерін сақтау бойынша вебинарлар өткізіледі, қала мектептерінде «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ақпараттық науқаны басталды.