ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Футболдан ұлттық мектеп лигасының қола медалі
02-06-2021 09:35
Футболдан ұлттық мектеп лигасының қола медалі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы ұйымдастырған ұлттық мектеп лигасы аясында 5 - 6 сынып оқушылары арасында футболдан «Былғары доп - Балдаурен» жарысының жеңімпаздары анықталды. Футбол 2021 жылғы 22 - 29 мамыр аралығында Семей қаласында өтті. Командалық есепте Павлодар облысының құрама командасы, Павлодар қаласының № 25 ЖОМ оқушылары III орынды иеленді.

Команда құрамына Абильманов Бейбарыс, Өтепов Асқар, Ерсайын Ерасыл, Сайлауов Ернұр, Қанатбек Айзат, Рахимжанов Алиби, Қайырбек Нұрхан, Смаил Ахат, Шоқанов Тамирлан, Сағымбай Диас, Исенов Ілияс, Мұхтар Нұрәлі кірді. Команданың жаттықтырушылары Исенов Қанат Шахтайұлы, Кенесбаев Азат Ермекұлы, мектептің дене шынықтыру мұғалімдері.

- Жарыста өнер көрсеткен жас спортшылар арнайы номинациялар бойынша марапаттарға ие болды. Мектебіміздің команда мүшесі Қайырбек Нұрхан «Үздік қорғаушы» номинациясына ие болды. Сондай-ақ, ұлттық мектеп лигасында футболдан 2 мектеп командасы жүлделі орындарға ие болғаны қуантады. Осылайша, біздің команда 4-сынып оқушылары арасындағы жарыста жеңімпаз атанды, - дейді Қанат Шахтайұлы.