ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалардың жазғы демалыс уақыты
02-06-2021 09:41
Балалардың жазғы демалыс уақыты

«Шуақты жаз!» бағдарламасын іске асыру шеңберінде мектеп жанындағы лагерьлерде жазғы кезеңде 1 - 4 сыныптардың 12 мыңнан астам оқушысы демалады. Жазғы компания барысында мектеп жанындағы лагерьлерде күндізгі болумен және 3 рет тамақтанумен (ұзақтығы 15 күн 2 маусым) қаланың 39 жалпы білім беретін мектептері жұмыс істейді. Мектеп жанындағы лагерьлерде санитарлық шараларды сақтай отырып, мәдени, сауықтыру нысандарына шығу жоспарланған. Сауықтыру мақсатында күнделікті жаттығулар, спорттық іс-шаралар өткізу қарастырылған.

Сондай-ақ, 1 - 10 сынып оқушылары үшін мектептерде білім олқылықтарының орнын толтыру бойынша жазғы мектептер ашылды, бағыттар бойынша тәрбие сағаттарын өткізу жоспарланған.

Мектептен тыс ұйымдарда 1 маусым - 1 тамыз аралығында 3 маусымда 15 күннен туристік-өлкетану, экологиялық, зияткерлік, әскери-спорттық, этномәдени бағыттар бойынша бейіндік лагерьлер жұмысы басталды. Жалпы қамту 15 мыңнан астам баланы құрайды.

Жазғы кезеңде 14 маусымнан бастап 772 мектеп оқушысы 18 мың теңге көлемінде жалақы төлей отырып, қала, ауылдық аймақ аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі еңбек жасақтарында жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ көптеген оқушылар мектеп жанындағы учаскелерде, жылыжайларда жасыл желектерді күту бойынша уақыт өткізеді.

Жалпы, жалпы білім беретін мектептердің 1 - 10 сынып оқушыларының 100%-ы жазғы демалыспен, сауықтырумен және жұмыспен қамтылатын болады, бұл 46 мыңнан астам оқушыны құрайды.

Халықпен профилактикалық жұмыс жүргізу және судағы балалардың қауіпсіздігі мақсатында оқушылармен және ата-аналармен әңгімелер жүргізіледі, электрондық жадынамалар жіберіледі. Білім беру бөлімі мен білім беру мекемелерінің сайттарында және әлеуметтік желілерде су қоймаларының жанында болу қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі туралы бейнероликтер орналастырылды.