ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодардағы мектеп сауықтыру алаңындағы балалардың демалысы
14-06-2021 09:30
Павлодардағы мектеп сауықтыру алаңындағы балалардың демалысы

Осы жылы Павлодар қаласында 38 мектеп жанындағы мен 8-ден артық профильді сауықтыру алаңдар жұмыс істейді. Мектеп жанындағы сауықтыру алаңында 15 күннен 2 ауысымда 12 мыңнан астам   1- 4 сынып оқушылары демалады.

Барлық сауықтыру алаңдар санитарлық қағидалар талаптарына сай жұмыс істейді. Мектеп жанындағы сауықтыру алаңдарда тамақтандыру, ұйқы қарастырылған, залалсыздандыру жүргізіледі, үй-жайлар желдетіледі, ұйықтайтын орындардың ара-қашықтығы сақталады, - дейді Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы Сағындық Шакенов. Осылайша,  Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте мектеп сауықтыру алаңына 3 қабат пен 15 сынып бөлмелері бөлінді. Балалар мектепте таңғы сағат сегіз жарымнан кешкі беске дейін болады. Таңертең балалардың ыстықтары өлшенеді, кейін тізімдеу, разминка және таңғы ас. Мектеп сауықтыру алаңына 1 - 4 сынып оқушыларынан 257 бала қатысады. Оларды 11 жасаққа бөлді. Мектеп сауықтыру алаңында жұмыс жасайтын барлық педагогтер алдын-ала ПЦР-тест тапсырған. Дәліздерде санитайзерлер мен суы бар кулерлер орнатылған.  Балалар ұйықтайтын төсек орындарді бір біріне жақын қоюға тиым салынған. Әйтпесе, бәрі бұрынғыдай.

- Маған мұнда ұнайды. Біз доп, шахмат ойнаймыз, өзімізбен үйден лото және монополия алып келеміз.  Кинотеатрларға барамыз, бүгін мұражайға барғалы жатырмыз, - үшінші сынып оқушысы  Ильяс Сансызбай.

Мектеп сауықтыру алаңының тамақтануы күніне үш рет. Асхана қызметкерлері бетпердемен және бір реттік қолғаптармен тамақ пісіреді, күніне екі рет ыстықтары тексеріледі - жұмысқа келен кезде және сағат 11.00-ден кейін.  Бетпердені әр үш сағат сайын ауыстырып отырады, ал әр тамақтанып болғаннан кейін бактерицидті шамды қосады. Үстелдерді жинауға, көкөністерді тазалап турауға практиканттар - болашақ асапздар, тамақтандыру және қызмет көрсету колледжінің студенттері көмектеседі.

- Бізде әр-түрлі мәзір бар, біз ақуыздарды, майларды, көмірсуларды ескереміз. Әр түрлі жас топтары үшін тәуліктік норма алуан болады. Компот, жемістер, табиғи шырындар беруге тырысамыз. Түскі асқа - бірінші, екінші, көкөністер салаты, компот немесе кисель. Түстен кейін  кондитердік өнім. Балалар экскурсиядан немесе көңілді старттардан келген кезде олар қыдырып қосымша ас сұрайды, - дейді мектепте 12 жыл өтілі бар бас аспаз Айгуль Шарипханова. - Өткен жылы пандемияға байланысты сауықтыру алаңы болған жоқ, балалар үйлерінде болды. Әрине, олар сағынды. Бірінші сынып бітірген балақайлар мектеп сауықтыру алаңында  әлі болған емес. Бұл оларға жаңа нәрсе, оларды қызықтырады.  

Сауықтыру алаңында демалып жүріп балалар шахмат ойнайды, домбырада ойнауды үйренеді.

- Домбыра үйірмесіне 4 - 8 сынып оқушылары қатысады. Қазір бізде үш топ: кіші, орта және жоғары. Енді үйренгісі келетін балалар да бар. Жазғы уақытқа ата-әжелеріне кетіп қалған балалармен онлай сабақ өткізуге уақыт табамын. Қыркүйекке дейін ұмытып қалмас үшін, - дейді халықаралық және республикалық конкурстарлың лауреаты, мектепшілік домбыра үйірмесінің жетекшісі Алмат Орынбаев.

            Мектеп сауықтыру алаңына  1 - 4 сынып оқушылары қатысады, қалған балалар үшін жазғы мектеп жұмыс істейді. Айтпақшы, сауықтыру алаңы ашылғанға дейін мұғалімдер сыныптар мен дәліздерді өз беттерінше безендірді: олар терезелерге гүлдер мен қағаз бұлттарын, ертегі кейіпкерлерін жапсырды. Мектеп сауықтыру алаңында бірінші ауысым 19 маусымда аяқталады, келесі ауысым 21 маусымда басталады.

 Мектепте барлығы 1800 оқушы бар. Бастауыш сыныптарда 939 оқушы, бұл барлық оқушылардың жартысынан көп. Мұнда он оннан екінші және төртінші сыныптар, бірінші сыныптар -  жеті, үшіншілер - сегіз. Келесі жылы «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын жасау жоспарлануда,

Келесі жылы «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жоспарлануда, жақын жерде 3 қабатты жапсыра салынған ғимарат салынады.  Барлық бастауыш бөлім сонда ауысады.