ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қалалық мектеп бітіруші 1414 түлегіне арналған салтанатты мереке
14-06-2021 11:05
Павлодар қалалық мектеп бітіруші 1414 түлегіне арналған салтанатты мереке

2021 жылғы 14 маусым күні Павлодар қаласының 37 жалпы орта білім беру мектептерінде жалпы орта білім беру туралы аттесттарды табыстауға арналған «Тәуелсіздік ұландары - 2021» атты салтанатты шарасы  өтті.

 Осы жылы мектеп бітіруші түлектердің саны 1414, оның ішінде   49 түлек «Алтын белгіге»  ие болды, 54 мектеп бітіруші үздік аттестат алды.

Қазақстан Республикасы Білім жіне ғылым министрлігі мектеп бітіру «Тәуелсіздік ұландары»  іс-шарасын өткізу бойынша бірыңғай концепциясын жасады. Концепция бойынша, карантин уақытында 11-сынып мектеп бітіруші түлектеріне жалпы орта білім беру туралы аттестаттарды табыстау шарасы қатысушылар саны шектелген және барлық санитарлық нормаларды сақтаумен өтуі қажет.

Мектеп бітіру мерекесіне  орай өткізілген іс-шаралар аясында  «Пайдалы іс - өзіңе ырыс», «Туған елге тағзым», «Жақсы іс күні», «Балаларға жылы жүректен», «Жақсылық жаса», «Экологиялық десант» науқандары өткізілді.