ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалық шақты бірге қорғайық
15-06-2021 09:12
Балалық шақты бірге қорғайық

Баланы қорғау және баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету - Қазақстанның мемлекеттік саясатының ең маңызды және басым бағыттарының бірі. Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2021 жылғы 1 - 12 маусым аралығында жыл сайынғы «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқанын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізді. Акцияның мақсаты-ересектер, балалар және олардың ата-аналарын қоса алғанда, қоғамның назарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу мәселелеріне аудару.

Қаланың барлық мектептерінде онлайн режимінде, Instagram-да жариялау арқылы халықты балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне жол бермеу туралы ақпараттандыру бойынша іс-шаралар жоспарланған. Осы мәселеге қоғамның назарын аудару, балалар еңбегін пайдалануға жол бермеу бойынша мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өзара іс-қимылын үйлестіру және үйлестіру мақсатында «Балалар еңбегін пайдалануға жол - Жоқ!». Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді. Жоғары сынып оқушылары үшін «Бала еңбегі тұралы Заң не дейді», «Құлдыққа түсу дегеніміз не?», бейіндік отрядтарда «Балалар еңбегі - бүгінді жастар көзімен» атты дебаттар өткізіліп, балалар еңбегі мәселесі бойынша тақырыптық бейнероликтер көрсетілді. Тренингтер өткізілді «Жұмысын ұсынады ма? - сенің іс-әрекеттерің», «Біз балаларды пайдалануға қарсымыз» атты суреттер конкурсы, жеңімпаздарды оқушылардың өздері анықтады.

Мектеп полицейлерімен бірлесіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалар еңбегін болдырмау бойынша жұмыстар жалғастырылды. Оқушылардың жұмыспен қамтылуын анықтау мақсатында оқушылардың тұру жағдайларын анықтау бойынша аулаларды аралау, күндізгі және кешкі уақытта рейдтер, қолайсыз отбасылардағы ата-аналармен және оқушылармен жеке әңгімелер жүргізіледі. Қалалық базар, ЖҚС аумағында балалар еңбегінің ең нашар түрлерін анықтау бойынша профилактикалық рейд жүргізілді. Акция барысында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерін тарта отырып, «Отбасындағы зорлық - зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» кең ауқымды рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Балалар еңбегінің ерекшеліктерін түсіндіру бойынша буклеттер мен жадынамалар таратылды.

Білім беру ұйымдарында сенім телефондары жұмыс істейді және әрбір бала немесе ересек адам балалар еңбегі саласындағы өз проблемасын қоңырау шалып айтуға, шешу үшін жауап алуға мүмкіндігі бар.