ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тарихи ғаламшар «Өткенмен кездесу»
15-06-2021 12:09
Тарихи ғаламшар «Өткенмен кездесу»

Павлодар қаласының № 21 ЖОМ-нің «Смешарики» жазғы мектеп жанындағы лагерінде 1 - 4 сынып оқушыларының туған өлкенің өткен тарихын зерделеу жұмыстары жалғасуда.

Лагерь бағдарламасы аясында оқушылар үшін тағы да Г. Н. Потанинатындағы Павлодар облыстықтарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Мақсаты - азаматтық-патриоттық қасиеттерді қалыптастыру, ой-өрісін, танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін кеңейту.

Мұражай залдарына экскурсия кезінде балаларға біздің туған қаламыздың қалай құрылғанын және дамығанын көру мен есту танымдық әрі қызықты болды. Оқушылар ел мәдениеті, тарихы, ата-бабаларымыздың тұрмысы мен өмірінің экспонаттарын қызығушылықпен қарап, тыңдады. Әсіресе балаларға Ұлы Отан соғысына арналған «Жауынгерлік даңқ» залы ерекше ұнады. Мұражайдың экскурсия жетекшісі балаларға соғыс ардагерлерінің фотопортреттері, Отан қорғаушылардың тізімдері, ордендер, медальдар, марапаттау куәліктері, алғыс хаттар, майдан хаттары, соғысқа қатысушылардың жеке заттары, қару-жарақ макеттері ұсынылды.

Балалар мұражайға барғандарына қуанды, экспонаттардан алған әсерлерімен бөлісті және көрме материалдары туралы танымдық әңгімесі үшін экскурсоводқа алғыс білдірді. Еліміздің, қаламыздың тарихын, табиғатын, мәдени мұрасын зерделеу жөніндегі іс-шаралар жалғасатын болады, - дейді мектеп жанындағы лагерьдің жетекшісі Сәуле Қайырбергенқызы Шукурбаева.