ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепке дейінгі ұйым басшыларымен қалалық кеңесі
15-06-2021 16:01
Мектепке дейінгі ұйым басшыларымен қалалық кеңесі

2021 жылғы 15 маусымда Павлодар қаласының мектепке дейінгі ұйым басшыларының қатысуымен өткен қалалық кеңесінде «Қалалық мектепке дейінгі ұйымдарға азық-түлік сатып алу», «Жаңа оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдардың контингентін қалыптастыру» мониторингі қорытындылары талқыланды.  Мектепке дейінгі ұйымдарды бітіруші балалар, соның ішінде мектеп жасына жеткен балалардың қалалық жалпы орта білім беру мектептеріне  1 сыныптарға оқуға түсуі туралы  анализ ұсынылды.

2019 жылдан бастап «Индиго-электронды балабақша» автоматтандырылған жүйе көмегімен мектепке дейінгі ұйымдарына жаңа оқу жылына алдын ала бронь жасау режимінде жұмыс жасалуда. Осы жылы бұл жұмыс 2021 жылғы 11 мамыр мен 25 мамыр аралығында өткізілді.  Бүгінгі күннің өзінде алдын ала бронь жасау режимі бойынша  1 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға 3631 орын резервіленген. Жұмыс одан әрі жалғасуда.

Кеңес барысында балалар денсаулығын жақсартуға бағытталған жазғы демалысты ұйымдастыру, тамақпен үздіксіз қамтамасыз ету, кезекте тұратын балалардың деректер базасына анализ жасау негізінде жастық периодизациясына реттеу жасау сұрақтары талқыланып, ұсыныстар берілді.