ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жоғары сынып оқушылары қаланы абаттандырумен айналысуда
16-06-2021 10:06
Жоғары сынып оқушылары қаланы абаттандырумен айналысуда

2021 жылдың 14 маусымынан бастап жоғарғы 8 - 10 сынып оқушыларынан құралған еңбек жасақтары қаланы абаттандыру жұмыстарына кірісті. Бір еңбек маусымының ұзақтығы - 15 күн. Осы уақыт ішінде оқушылар 18 мың теңгеден табыс таба алады. Оқушылардың жұмыс күні төрт сағат - таңғы 8-ден 12 сағатқа дейін.

- Жоғары сынып оқушылары қаланың саябақтары мен гүлзарларында жұмыс істейді. Еңбек жасақтарындағы оқушылар саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артты. Екі маусымда 330 адам болса, биыл - 772 бала. Қазіргі жұмыстарға 386 бала тартылды, екінші маусымда да осынша бала жұмыс істейтін болады, - дейді Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы Сагындык Шакенов.

Жазғы еңбек жасақтарына жұмысқа орналасқысы келетіндер әрқашан жеткілікті. Бірінші кезекте әлеуметтік осал санаттағы оқушылардан, аз қамтылған отбасылардан шыққан жасөспірімдерден өтініштер қабылданады.

- Еңбек жасақтарына 14 жастан бастап қабылданады. Бірінші маусымда жұмыс істейтіндер екінші маусымда қалуы мүмкін, - деп нақтылады Сағындық Шакенов.

- Бұл менің алғашқы жұмысым. Мен ақша тауып, анама сыйлық алғым келеді. Жұмыс оңай, мұнда достар мен қарым-қатынас бар, - дейді 14 жастағы Быхытберген Болтаев.