ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қоғамның парасаттылығы туралы балалар суреттері
16-06-2021 10:50
Қоғамның парасаттылығы туралы балалар суреттері

«Адал ұрпақ» жобасын іске асыру аясында «Жастар СӨС үшін» жастар қоғамдық бірлестігі 2021 жылдың 2 - 11 маусым аралығында  «Ertis - аdaldyq аlańy жобалық кеңсесі және Павлодар қаласының білім беру бөлімімен бірлесіп барлық жастағы мектеп оқушылары арасында «Парасаттылық аллеясы» акциясын өткізді. Мақсаты - өскелең ұрпақ - мектеп оқушыларында парасатты мінез-құлықты, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыру.

Акция барысында 27 мектеп жанындағы лагерлердің 170 тен астам  оқушылары «Адал еңбек - өмірдегі парасаттылық!» тақырыбында суреттер жіберді. Кейін ұйымдастырушылар суреттерді жинап, Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебіне  орналастырды. Суреттер 15 маусымда көркемсурет мектеп аумағында қазылар алқасымен көорермендерге  қарауға ыңғайлы етіліп, мектептің орталық кіре берісінің алдында аллея түрінде мольберттерге орналастырылды.

Оқушылардың жұмысы жеке және ұжымдық түрде орындалды. Авторлар өз суреттерінде қоғамдағы парасаттылыққа деген көзқарастары мен түсініктері арқылы барынша тақырыпты ашты.

- Балалар өз суреттерінде жастар мен жалпы аға буын үшін адал еңбектің үлгісін көрсете білді», - дейді балалар көркемсурет мектебінің басшысы Магзамова Ляйля Мукарамовна.