ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп жанындағы лагерде ұлттық ойындар күні
17-06-2021 09:15
Мектеп жанындағы лагерде ұлттық ойындар күні

Нұр-Сұлтан қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлттық ойындар - қасиетті қазына» спорттық жобасын жүзеге асыру аясында Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы мектебінің «Күншуақ қаласы» мектеп жанындағы лагерінде ұлттық ойындар күні өткізілді. Мақсаты - қазақ халқының ұлттық ерекшелігі мен мәдени дәстүрін танымал ету. Мектеп жанындағы лагердің 300-ден астам оқушысы қатысты.

Таңғы жаттығу қазақ халқының ерекше биі Қара жорғаның ырғағымен басталды. Одан кейін оқушылар күні бойы Нұр-Сұлтан қаласы СӨС орталығының маманы Асия Амангелдиновна Темирхановамен, мектеп педагогтарымен бірге заманауи үлгіде жаңғыртылған қазақша күрес, тоғызқұмалақ, аламан бәйге, көкпар, алтыбақан, аударыспақ, жамбы ату, арқан тарту, қыз қуу, теңге ілу ұлттық ойындарының ахуалына бөленді.

- Ұлттық ойындар өте маңызды, өйткені онда қоғамдағы өмірдің құрылымы туралы терең философиялық мағына жатыр. Шын мәнінде, ойын түрінде жас ұрпаққа сабақ өткізілді. Қазақ халық ойындары ата-бабалардан өркениеттік даму деңгейіне жеткен ең құнды ұлттық мұралардың бірі болып саналады, - дейді дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Карпеченко Дмитрий Александрович.

Одан әрі қатысушылар үшін ең қызықты және тартымдысы басталды - командалар жарысқа кірісті. Жарыстың басында командаларда болған толқулар, сенімсіздік жанкүйерлердің қолдауының арқасында бір мезетте жоқ болды. Қатысушылар мәреге бірінші болып жету үшін бар күштерін салды. Олар өздерінің ептілігін, дәлдігін, күшін, жылдамдығын, тез тапқырлығын, бірлігін және ұйымшылдығын көрсетті. Жарысты қорытындылаған кезде барлық командалар ерекшеленгені анықталды және олар естелік сыйлықтармен марапатталды. Мереке қызықты және көңілді болып, көптеген жағымды эмоциялар мен әсер қалдырды. Спорт алаңында күлкі, шу және көтеріңкі көңіл-күй орнады. Жарыс спорттың, денсаулық пен сергектіктің нағыз мерекесіне айналды.