ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас фотографтардың объективіндегі фотокадрлары
17-06-2021 09:49
Жас фотографтардың объективіндегі фотокадрлары
     Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» балалардың бос уақытын қамту және дарындылығын дамыту орталығының «Жазғы круиз» жазғы жобасы аясында «Жаз объективте» қалалық қашықтық байқауы өтті. Мақсаты - белсенді өмірлік позицияны қалыптастыру, жазда бос уақытты қамту және ұйымдастыру, балалардың шығармашылық қабілеттері мен көзқарастарын дамыту.
 
     Байқау «Тарих шеңберінде», «Бақыт сәттеріндегі фотосурет», «Күннің ерекше сәті» бағыттары бойынша өтті. Қаланың № 2, 5, 9, 14, 21, 25, 26, 28, 29, 34, 41, 42, 43, Жетекші орта мектебінің 80 оқушысы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 32 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І орын - 13, II орын - 10, III орын - 9.
 
     «Тарих шеңберінде» бағыты бойынша «Мамонт» фотокадры үшін  №26 мектебінің 2 сынып оқушысы Сәрсембай Айым, «Майк Тайсон 1966 жыл» фотокадры үшін № 25 мектебінің 2 сынып оқушысы Қизатова Айсана, «Тас дәуiрi» үшін  Жетекшин орта мектебінің 1-сынып оқушысы Тюлюген Зарина мен «Домбыра» фотокадры үшін 7-сынып оқушысы Сағидолла Ернұр І-дәрежелі дипломмен марапатталды. ІІ-дәрежелі дипломмен № 2, 26, Жетекші ЖОМ оқушылары, ІІІ-дәрежелі дипломмен № 9, 41, Жетекші ЖОМ оқушылары марапатталды. 
 
     «Бақыт минуттарындағы сурет» бағыты бойынша № 9 мектептің 6-сынып оқушылары «Табысты балық аулау» суреті үшін Кобылаш Илья, «Біз батутта секірдік» фотосуреті үшін № 25 мектебі Қанат Фариза, «Батырмолдағы субұрқақ»  фото үшін № 41 ЖОМ 7-сынып оқушысы Сатыбалдинова Дамиля, «Мектептегі карантиннен кейін бірінші күн» суреті үшін М. Әуезов атындағы мектептің 6 сынып оқушысы Төлегенов Арай, «Мен жұлдыздарды салдым» фотосуреті үшін № 43 мектептің 4 сынып оқушысы Ивахненко Стефания, Жетекшин орта мектебінің 6-сынып оқушысы Жақыпбекұлы Бейбарыс І-дәрежелі дипломмен марапатталды. ІІ-дәрежелі дипломмен № 2, 14, 25 (2), 34 мектеп оқушылары, ІІІ-дәрежелі дипломмен - № 9, 25, 43, Жетекші ЖОМ оқушылары марапатталды.
 
     «Күннің ерекше сәті» бағыты бойынша № 9 мектебінің 2 сынып оқушысы Абдулла Әбілмансұрдың «Масаларды қуамыз» фотокадр үшін, «Жазғы демалыс» фотокадрасы үшін № 34 ЖОМ 6 сынып оқушысы Махамбетова Аружан, «Бетперде кию, қолды таза ұстау» фотокадр үшін № 43 ЖОМ 1 сынып оқушысы Бодургов Кайс І-дәрежелі дипломға ие болды. ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен № 25, 41 мектеп оқушылары марапатталды.