ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ертіс өңірінің «Алтын дауыстары»
21-06-2021 09:32
Ертіс өңірінің «Алтын дауыстары»

Павлодар қаласының этномәдени тәрбие орталығы - № 120 сәбилер-балабақшасының тәрбиеленушілері Ережеп Айша мен Жұмабай Айсана «Altyn dayus» - «Золотой голос» халықаралық байқауына қатысып, 24 қатысушының арасында I жүлделі орынға ие болды. Олар «Arujan Production» кинокомпаниясының «MEGA Festival kz» дипломдарымен марапатталды. Ұйымдастырушы «Arulan Production» кинокомпаниясы. Байқау Павлодар қаласының Естай атындағы Мәдениет сарайында өтті.

Қыздар «Kids» эстрадалық вокал санатында өнер көрсетті. Байқауда павлодарлық жеңімпаздар «Алло, алло» әнін дуэтпен орындады, авторы Інжу. Оларды байқауға дайындаған балабақшаның музыка жетекшісі Риза Оспандиярқызы Мұсабекова, бірлескен және жемісті ынтымақтастығы, балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды.

- Қыздардың музыкалық қабілеттері жақсы, музыканың көңіл-күйіне белсенді жауап береді, қызығушылықпен айналысады. Эмоционалды, жатқа тез үйренеді, егжей-тегжейлі жұмысқа белсенділік танытады. Оқу жылы барысында интонациялау дәлдігімен, орындау мәнерлілігімен, әншілік тыныс алу дағдыларын әзірлеумен жұмыс істедік, - дейді Риза Оспандиярқызы.

Айше мен Айсана 5 жаста, олардың сопранды дауысы бар, вокалмен 3 жастан бастап айналысады. Айша ән айтуды, би билеуді, сурет салуды жақсы көреді, 2019 жылдан бастап «Аллегрия» би мектебінің сабақтарына барады. Өте белсенді, қызығушылық танытатын, мейірімді қыз. Айсана 2018 жылдан бастап «Еlit» гимнастика мектебінде айналысады, сурет салғанды ұнатады, «Білімпаз» оқу орталығының сурет салу бойынша шеберлік сабақтарына қатысады. Осы жылдан бастап «Аллегрия» би мектебіне барады, өте көпшіл қыз.