ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Музыка мектебінің бейінді лагерінде балалардың демалысы мен бос уақытын қамту
24-06-2021 09:24
Музыка мектебінің бейінді лагерінде балалардың демалысы мен бос уақытын қамту

Павлодар қаласының балалар музыка мектебінде 2021 жылғы 16 - 30 маусым аралығында «Сириус» мектеп жанындағы бейінді лагері жұмыс істейді. Лагерьге 6 - 12 жастағы мектеп оқушылары барады.

Балалардың шығармашылық дамуы мен толыққанды демалуларына жағдай жасау үшін мектеп педагогтары балалардың қызығушылығын ескеріп, музыкалық қабілеттерін дамыту, шығармашылық әлеуетін ашу, музыка, көркем шығармашылық пен өнер бойынша танымдық ой-өрістерін кеңейту мақсатында 4 бейінді бағыт бойынша «Симфония лета» бағдарламасын әзірледі.

Лагерьде күн дәстүр бойынша таңғы жаттығулардан басталады. Балалар, әні В. Шаинскиидікі, сөзі М. Пляцковскиидің «Эй, лежебоки!» көңілді әніне жаттығулар жиынтығын рақаттанып орындайды. Лагерь маусымында қатысушыларға жобалардағы іс-шараларға қатысу мүмкіндігі ұсынылады, жасақтарда үстел дойбы, шахмат ойындарын ойнайды,  «Нескучные старты», «Быстрее всех», «Кто сильнее» спорт жарыстарына қатысады, таза ауада «Птичка и кошка», «Через ручеек» ойындарын ойнайды.

- «Музыка в анимации» жобасында балалар «Мульти-пульти», «Громче всех» конкурстарына, «Где же, песня прозвучала?», «Назови героя» викториналарына, «Угадай мелодию» шоу-бағдарламасына қызығып қатысады, «Про кота Леопольда», «Умка», «Бременские музыканты» мультфильмдерінің көңілді әндерін айтып, жақсы көңіл-күйге бөленеді. Жобада балалардың орындаушылық вокалдық дағдылары қалыптасып қана қоймай, музыка мен әнге деген сүйіспеншіліктері дамиды, - дейді жоба жетекшісі Ксения Владимировна Миронец.

«Занимательная флористика» жобасының жетекшісі Евгения Михайловна Лысова балаларды фантазияларын қосып табиғат материалдарынан және күтпейтін материалдардан мысалы, қарағай қылқандары немесе шөптерден түрлі бұйымдар жасауға үйретеді және жұмысын бүршіктер мен жапырақтардан «Букет» көлемді апликация көрмесімен аяқтауды жоспарлауда.

«Film-star» жобасы балаларды өзінің жасампаздығымен қуантады. Елена Владимировна Поршнева балалардың көрермендер алдында актер рөлінде шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектеседі, «Там, где детство» қысқаметражды фильмді түсіру үшін рөлдерді жаттатуда. Жобаның әр қатысушысы фильмде өз армандары мен тілектері, қойған мақсаттарға қалай жеткендері туралы айтады. Сюжеттерді түсіргенде балалар тек қана актер рөлінде емес, сонымен қатар сценарист, режиссер, оператор рөлінде де болды.       

- «Голоса живой природы» жобасында балаларды жаздағы табиғат құбылыстарының дыбыстарымен таныстырамыз - судың, жаңбырдың шалпылы, құстардың дыбыстары, шегірткелердің шырылы, түнгі дыбыстар, жылдың жазғы мезгіліне арналған композиторлардың музыкалар, құстар мен аңдардың қылықтары - мұның бәрі балалардың көркем жұмыстарында бейнеленеді, - дейді жоба жетекшісі Ирина Владимировна Валеева. Балалардың музыкаға эмоциялық реакцияларының нәтижесі суреттер альбомы болады.