ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала педагогтарының «Білімді ұлт - тұрақты даму кепілі» атты педагогикалық оқулары
20-08-2021 16:48
Қала педагогтарының «Білімді ұлт - тұрақты даму кепілі»  атты педагогикалық оқулары

   «Білімді ұлт - тұрақты даму кепілі» тамыз педагогикалық оқулары аясында 2021 жылдың 20 тамызында ZOOM платформасында онлайн режимінде Павлодар қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті дәстүрлі, тамыздық педагогикалық форсайт сессиясын өткізді.

   Педагогикалық форумның мақсаты оқу-тәрбие үдерісінің дәстүрлі және аралас форматтарында заманауи технологияларды пайдалану бойынша педагогикалық іс-әрекет тәжірибесімен алмасу, педагогтердің әдістемелік және кәсіби деңгейін жетілдіру, кәсіби диалогты ұйымдастыру және тәжірибе алмасу болды.

     Форсайт-сессия жұмысында жалпы білім беретін мектептердің 2000 астам пән мұғалімдері, Павлодар қаласының мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерінің педагогтары жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

  Білім беру мекеме басшылары, басшының оқу, ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, секция шеңберінде қазіргі заманғы жағдайларда менеджменттің өзекті мәселелері, стратегиялық жоспарлаудың тиімді технологиялары, мектепішілік бақылауды ұйымдастыру және педагог кадрлардың сапалық деңгейін арттыру жолын жаңарту жағдайында инновациялық мәселелерді талқылады.

  Ата-аналар қоғамдастығымен жұмысты ұйымдастыру, дебаттық қозғалысты ұйымдастыру мен инновациялық тәрбие жобаларын енгізудің өзекті мәселелері мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары секциясының басты назарында болды.

   Секциялардың модераторлары қаланың жоғары оқу орындарының ғалымдары, «Өрлеу» БАҰО АҚФ, Павлодар облысының білім беруді дамытудың Инновациялық орталығы ПҚ БАИ, Павлодар облысы бойынша «ПШО» АҚ жетекші қызметкерлері мен жаттықтырушылары болды.

  Мектеп педагогтері оқу-білім беру үдерісін ұйымдастырудағы инновациялық тәжірибемен танысты, бастауыш, жалпы орта білім беру сапасының өзекті мәселелерін: проблемаларды, тәсілдерді, перспективаларды, жұмысты ұйымдастыру үдерісінде қалыптастырушы бағалаудың тиімділігін, білім беру үдерісіне қатысушылар арасында тиімді кері байланысты ұйымдастыруды талқылады: мұғалім – оқушы – ата-ана.

  Сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері мектептен тыс мекеме мұғалімдерінің назарында болды. Қатысушылар үздік педагогикалық тәжірибе мен мектептердің, мектепке дейінгі мекемелер мен мектептен тыс мекемелердің тәжірибелік сессиялар мен шебер-сыныптар форматында атқарымдарын, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру жолдарын, түлектердің қорытынды аттестаттауына дайындық ерекшеліктерін және білім алушылардың жетістіктерін мониторингілеу рәсімдерін, оқушылардың оқу сауаттылығы мен оқуға деген қызығушылық деңгейін арттыру бойынша жұмыстың тиімді әдістерін, ата-аналармен өзара іс-қимылдың тиімді жолдарын талқылады.