ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Пікірсайыс қозғалысын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандум
20-08-2021 17:12
Пікірсайыс қозғалысын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандум

   2021 жылдың 20 тамызында «Павлодар педагогикалық университеті»  тәрбие жұмысы мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор о. б. Ольга Константиновна Андрющенко және «Павлодар дарыны» балалардың бос уақытын қамту және дарындылығын дамыту орталығы» жетекшісі Ақмарал ЛюлятовнаМухаметжанова, М.Әлімбаевтың атындағы орта мектебінің директоры Дастан Бекболатұлы Мұхтар серіктестік орнату мен ұзақ мерзімді және тиімді серіктестікті дамыту, пікірсайыс қозғалысы туралы өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру, сондай-ақ білім сапасын қамтамасыз ету үшін бірлескен қызмет пен жан-жақты ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

   Тараптар өзара ынтымақтастықтың бірқатар бағыттарын айқындады, оның ішінде пікірсайыс қозғалысы арқылы студенттер мен оқушылар арасында өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, мектептер мен университет арасындағы Павлодар қаласының пікірсайыс қозғалысын дамыту қазақ және орыс тілдерінде, интеллектуалды ойлау дағдыларын дамыту құралы ретінде студенттер мен мектеп оқушылары арасында пікірсайыс қозғалысын танымал ету, ақпаратты талдау және топтық жұмыс, пікірсайыс қозғалысын ұйымдастыруда озық бағыттар мен жаңа тәсілдерді қолдану.

  Жалпы алғанда, меморандумға қол қою тараптарға пікірсайыс қозғалысын сапалы жаңа деңгейге шығаруға, пікірсайыс қозғалысының мүмкіндіктерін кеңейту арқылы студенттердің дайындығын жақсартуға, Тараптардың ұзақ мерзімді және тиімді ынтымақтастығын дамытуға мүмкіндік береді, қалалық мектептер арасында пікірсайыс қозғалысын жүзеге асыру.