ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы
24-08-2021 16:16
Павлодар қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы

  Павлодар қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы Павлодар қаласының әкімі А.Байхановтың қатысуымен 2021 жылғы 24 тамызда ZООМбейне байланысы арқылы өтті.Конференцияның тақырыбы: «Білімді ұлт-тұрақты даму кепілі» - «Образованная национальность–залогустойчивого развития».Елдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты конференция жұмысына ZOOM режиміндегі бейне байланыс арқылы ведомстволық бағынысты құрылымдардың барлық басшылары қатысты.Онлайн көрсетілім Павлодар қаласының білім беру бөлімінің ресми парақшаларында Youtube каналында, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде өтті.

  Қалалық білім беру жүйесінің тұтас оқу жылындағы қызметінің нәтижелерін талдаумен, алдағы оқу жылына одан әрі даму векторларын айқындаумен кеңесте Павлодар қаласының білім беру бөлімінің басшысы Айтқазина Самал Оспанқызыбаяндама жасады.

  Конференцияда үздік педагогтарды марапаттау рәсімі өтті.

  Павлодар қаласының білім беру жүйесі қызметкерлерінің жоғары шеберлігі үшін:

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің құрмет грамотасы:

  Рахимғожина Нұргүл Шампатқызы - № 24 ЖОМ директоры, Базько Ирина Викторовна - оқу-өндірістік комбинат директоры, Уразкенова Сақыпжамал Қабдрашқызы - №35 ЖОМ «Айналайын» театр үйірмесінің жетекшісі, Аментаева Гүлбаршын Қабдылбариқызы - №37 ЖОМ физика пәнінің мұғалімі, Қалиасқаров Әлібек Жұмажанұлы - Кенжекөл ЖОМ физика пәнінің мұғалімі, Мақан Айгүл Еділқызы - №120 балабақша басшысы, Құрымбаева Ақлай Гомарқызы - № 93 балабақшаның музыкалық жетекшісі, Камалиденова Айман Жаманготқызы - № 2 ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қожабаева Гүлжанат Бектұрқызы - № 25 ЖОМ биология пәнінің мұғалімі, Болыспекова Гүлжан Нығметқызы - №35 ЖОМ директорының орынбасары, Жұмабаева Әсия Камалиденқызы - № 39 - лицей-мектебінің география пәнінің мұғалімі, Куанбаева Евгения Кенжетаевна - №85 балабақшаның басшысы, Бихиянова Айгүл Нағметтолақызы - Павлодар қаласы білім беру бөлімінің бас маманы.

  Павлодар облысы мәслихатының Құрмет грамотасы:

  Смағұлова Майкен Қалымқызы – Қ. Бекхожинатындағы ЖОМ директоры.

  Павлодар қаласы әкімінің Құрмет грамотасы:

  Жұмадиева Айгүл Жылқыбайқызы - № 6 ЖОМ дефектологі, Қайырбекова Ақмарал Абылайханқызы, №14 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі, Сарсикеева Сулья Қайырқызы - № 26 ЖОМ орыс тілі мұғалімі, Воронова Ирина Федоровна - № 28 ЖОМ директорының орынбасары, Илларионова Лариса Борисовна-Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебінің педагогі.

  «Алтын есімдер кітабына» енгізілген:

  Илиясова Құралай Камматқызы-Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері, Паршукова Надежда Петровна - №26 мектептің бұрынғы директоры.

  Жалпы білім беретін мектеп педагогтері арасындағы «Жыл мұғалімі - 2021» байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды.

  Бас жүлдені №16 лицей-мектептіңтарих пәні мұғалімі Серікбаев Әсет Бақытжанұлы, I орынды № 34 ЖОМ информатика пәні мұғалімі Матюшева Анна Александровна, IІ орынды Кенжекөл ЖОМ физика пәні мұғалімі Қалиасқаров Әлібек Жұмажанұлы, III орынды Б. Момышұлы атындағы ЖОМ қазақ тілі пәні мұғалімі Сибанбаева Бағдат Ақрамқызы иеленді.

  Мектепке дейінгі білім беру педагогтері арасындағы «Жыл мұғалімі - 2021» байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды.

  Бас жүлдені №6 гимназияның тәрбиешісі Нұрахметова Альмира Сапарбайқызы, I орынды №126 балабақшаның эстетика педагогі Пятых Ирина Васильевна, II орынды № 42 мектепке дейінгі балалар гимназиясының қазақ тілі педагогі Гүлжайнат Аманжол Мақұлбекова, ІІІ орынды № 3 балабақшаның тәрбиешісі Аужанова Екатерина Александровна иеленді.

  Үлкен тамыз педагогикалық кеңесі аясында қаланың 2,0 мыңға жуық педагог қызметкерлерінің қатысуымен онлайн-режимде мұғалімдердің форсайт-сессиялары өтті, 300-ге жуық баяндама тыңдалды, мұғалімдер оқу-білім беруүдерісін ұйымдастырудағы инновациялық тәжірибемен танысты, білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.