ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мектепке жол» акциясы аясында балаларға көмек көрсету жалғасуда
26-08-2021 10:22
«Мектепке жол» акциясы аясында балаларға көмек көрсету жалғасуда

«Мектепке жол» республикалық акцияны іске асыру шеңберінде Павлодар қаласының білім беру бөлімімен аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды мектепке дайындауға көмек көрсету бойынша жоспарлы жұмыс жалғасуда. Акцияға қоғамды, кәсіпорындарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Акцияға қатысу үшін мемлекеттік органдардың басшыларына, қалалық мәслихаттың депутаттық корпусына, кәсіпкерлерге хаттар жолданды. Акция барысы туралы материалдар Павлодар қаласы білім беру бөлімінің сайттарында, қала мектептерінің сайттарында орналастырылады. Білім беру бөлімінде азаматтардың өтініштерін тіркеу үшін «жедел желі» телефоны жұмыс істейді, мектепке дайындық бойынша көмекке мұқтаж балалар туралы деректер банкі бар.

Бүгінгі күні бюджеттен тыс қаражат есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 1850 балаға жалпы 12 млн.теңгеден астам сомаға материалдық көмек көрсетілді. Жалпыға міндетті оқу мен демеушілердің ақшасына аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін мектепке қажетті заттар, кеңсе тауарлары сатып алынуда.

Мемлекеттік органдар өкілдерінің, мектеп педагогтарының, демеушілердің, ата-аналардың қатысуымен 25 тамызда № 28 ЖОМ-да «Жақсылық жаса» - демеушілер-балаларға атты қайырымдылық акциясы өтті. Акцияға 1998 жылғы мектеп түлегі Руслан Абдрахманов 20 оқушыға мектеп - жазу құралдарының жиынтығын - рюкзактар, дәптерлер жиынтығын, қаламдар, қарындаштар, өшіргіштер, сызғыштар, жасына қарай сұрыпталған альбомдарды табыс етті.

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды, «Мектепке жол» акциясына қатысу үшін немқұрайлы емес азаматтардың Павлодар қаласының білім беру бөліміне (32-77-80 телефонына) хабарласуын сұраймыз.