ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Конституция күніне арналған балалардың көркем шығармашылығы
31-08-2021 10:28
Конституция күніне арналған балалардың көркем шығармашылығы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар шеңберінде Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» балалар дарындылығын дамыту және жұмыспен қамту орталығы 2021 жылғы 16 - 26 тамызда қашықтықтан «Конституция балалар көзімен» атты қалалық суреттер байқауын өткізді. Мақсаты - патриотизмге тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының Конституциясына құрметпен қарауды қалыптастыру, көркемдік-бейнелеу қабілеті бар дарынды балаларды қолдау. Байқауға қаланың 13 жалпы білім беретін мектептерінің 5 - 9 сыныптарынан 34 оқушы қатысты.

Қатысушылар өз суреттерінде өз еліне деген ризашылық, құрмет және мақтаныш сезімдерін, көркемдік білдіру дағдыларын жеткізе алды. Жұмыстар аралас техникада түрлі-түсті қарындаштармен, гуашьпен, бояулармен орындалды. Суреттер сюжеттің өзіндік ерекшелігімен, даралығымен ерекшеленеді. Оларды іріктеу кезінде қазылар алқасы суреттің мазмұнын, композициялық шешімін, бейненің шеберлігін, мәнерлілігін, түпкі ойының бірегейлігін, колоритін ескерді.

Байқау қорытындысы бойынша 17 оқушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде І орынды 2 қатысушы, ІІ орынды - 3, ІІІ орынды - 12 оқушы иеленді. Олардың барлығы «Павлодар дарыны» орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

І дәрежелі дипломмен № 2 ЖОМ 5 сынып оқушысы Нүрман Аружан және № 17 ЖОМ 7 сынып оқушысы Амельченко Александра марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен № 5 ЖОМ 5 сынып оқушысы Галиуллина Амина, № 27 ЖОМ 6 сынып оқушысы Полина Анастасия, № 29 ЖОМ 8 сынып оқушысы Дюсекенова Асель марапатталды. III дәрежелі дипломмен № 2 ЖОМ 5-сынып оқушысы Иксатова Айым және Әбіш Нұрай, №5 ЖОМ 7-сынып оқушысы Табашева Алиса, № 14 ЖОМ 7-сынып оқушысы Магазова Сабина, № 19 ЖОМ 6-сынып оқушысы Анашева Анель, 7-сынып оқушысы Есенко Лиана және № 26 ЖОМ 4-сынып оқушысы Төлеген Іңкар; 6-сынып оқушысы Умирзакова Русалина, 7-сынып оқушысы Шеляк Карина, 8-сынып оқушысыГерина Анита № 27 ЖОМ, № 28 ЖОМ 7-сынып оқушысы Гопаненко Анжела, № 34 ЖОМ 7 сынып оқушысы Хмель Дария.