Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық балалар фестивалінің бас жүлде иегері
01-09-2021 09:33
Республикалық балалар фестивалінің бас жүлде иегері

Алматы қаласында өткен  «Бақыт деген - сенің бала күндерің» атты V республикалық балалар фестивалінде Павлодар қаласы балалар музыка мектебінің оқушысы Анель Акильбекова, 14 жас, бас жүлде иегері атанып ЖС «BB Partners Kazakhstan» 1000 доллар ақшалай сертификатын ұтып алды. Ол фестивальде Б. Шукеновтің  сөзі мен әнін жазған «Отан Ана» әнін орындады. Финалда Анель қазақстанға белгілі әнші Дана Маханбаевамен сөзі Ғ. Мүсрепов, әні Ш. Қалдаяковтің «Кұрбылар» әнің дуэтпен орындады. Фестивалге қатысу үшін оны байқаудын ұйымдастыру комитеті арнайы шақырды.

Алғаш рет Анель 2017 жылы интернет арқылы осындай балалар жобасы жөнінде біліп осы байқауға қатысуға шешім қабылдады. Қатысу үшін ол 570 қатысушылармен бірге іріктеу кастингінен өту керек болды. Кастинг шешімі бойынша ол Қазақстанның балалар арасындағы отыз үздік орындаушылар қатарына енді.

- Ешнәрсе оңайлықпен келмейді, барлық жетістіктер үлкен еңбекпен, педагог еңбегі және ата аналар қолдауымен, саған сенімділігімен келеді, - дейді Анель.

Тек қана шығармашылықпен ғана емес, Анель сурет салумен, бимен айналысады, ол Қазақстанның ұлттық ойыны Тогызқұмалақтан облыстық екі мәрте чемпионы. (2018 жылы) Анель Айгерим Муздыбаевой «Star Kids» жобасына қатысып ІІ орын иеленді. (2019 жылы) Ростов-на-Дону  қаласында өткен «Детская супер модель России» байқауының номинация иегері, 2020 жылы «New Star» жобасының бас жүлде иегері, (2018 - 2020 жылдары) Алматы қаласында өткен  «Королева» арулармен таланттылар байқауында бірінші орын иегері.

 Кез келген кішкентай женістердің артында әрине үлкен еңбек жатыр. Байқаулардағы әрбір марапат жігерлендіріп, профессионалдық өсуге көмектеседі. Жас әншінің мақсаты - музыка мектебін ойдағыдай аяқтап және өзінің музыка білімін жоғарғы оқу орнында жалғастырып, қазақстанға белгілі эстрадалық әнші болу.