ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Аралас жекпе-жектен Азия чемпионатының жүлдегері
02-09-2021 10:25
Аралас жекпе-жектен Азия чемпионатының жүлдегері

Павлодар қаласының № 24 ЖОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Азамат Жанарбекұлы Әбішев ММА бойынша Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының құрамында өнер көрсетті (Mixed Martial Arts - аралас жекпе-жек өнері) және Қазақстанның 14 қола жүлдегері арасында біріншіліктің қола медалін жеңіп алды. Құрлықтық турнир екі дивизион - аралас жекпе-жек (MMA) және Striking MMA-да Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтті. Азия чемпионатына барлығы 148 спортшы қатысты.

- Тай боксымен 2008 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, муай тай федерациясының президенті, Павлодар облысы жауынгерлік өнер қауымдастығының төрағасы Марат Сағындықұлы Смағұловтың басшылығымен «Бірлік» клубында айналыса бастады, - дейді чемпионат жүлдегері.

Азамат Жанарбекұлы муай-тайдан Қазақстанның спорт шебері. Ол республикалық және халықаралық деңгейдегі чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы. 2012 жылы Санкт-Петербургте өткен халықаралық жекпе-жек фестивалінде жеңіске жетті, Алматы қаласында өткен республикалық Қазақстан чемпионатының финалисі (2013 жыл), Шымкент қаласында өткен Қазақстан Кубогының финалисі (2018 жыл), Алматы қаласында өткен республикалық спартакиаданың жеңімпазы, Қостанай қаласында өткен Қазақстан чемпионатының финалисі, Оңтүстік Кореяда өткен Дүниежүзілік жекпе-жек өнері шеберлерінің ойындарының қатысушысы, Атырау қаласында муай-тай бойынша кәсіпқойлар арасындағы Қазақстанның жекпе-жек өнері қауымдастығының чемпиондық белбеуінің иегері, БАО Абу-Даби қаласында өткен Азия чемпионатының қатысушысы (2019 жыл). Қазір спорттық биіктерге жетуде жаңа мақсаттар қойып отыр. Ол әлем чемпионы және халықаралық дәрежедегі спорт шебері болғысы келеді.

Туған мектебінде 2017 жылдан бастап жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыс істейді. «Батыр» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 3 жастан асқан балаларға арналған тай боксы бойынша жаттықтырушы. Азаматтың айтуынша, ол өз тәрбиеленушілерінің жетістіктерін мақтан тұтады. Спорттық жетістіктерге жеткендер қатарында № 24 мектеп оқушылары Кенжебай Дархан, Қазақстанның күміс жүлдегері (2021 жыл), Оспанова Томирис, Қазақстан чемпионы (2021 жыл).