Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Жас суретшілер қазақстандық ақынның шығармаларына суреттемелер жасады
07-09-2021 08:09
Жас суретшілер қазақстандық ақынның шығармаларына суреттемелер жасады

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында, бүкілхалықтың оқуы үшін танымал қазақстандық авторлардың ең үздік 30 шығармасы іріктелді. Осы отыздыққа қазақстандық ақын Бақытжан Қанапьяновтың «Рух игілігі» атты өлеңдер жинағы кірді.

Павлодар қаласы балалар көркемсурет мектебі - «ЮНЕСКО» клубының оқушылары өз жұмыстарын жасау үшін Бақытжан Қанапьяновтың өлеңдерін негізге алды. Поэзия кітабына жаңа ғасырдың соңғы жылдарында жазылған өлеңдер енген. Автор ақындық тілде халықтың тарихи және өмірлік өзгерістерін айқын білдіріп, табиғаттың сұлулығын, адам жанының жай-күйін және болмыс мағынасы туралы толғаныс пен көріністерді жеткізе алды.

Жас суретшілер ақын шығармаларының мәні мен мазмұнына еніп, әртүрлі көркемдік әдістер мен материалдарды қолдана отырып, өздерінің қабылдауларын қағазға жеткізе білді. 19 ерекше суретемелер мен 11-13 жас аралығындағы оқушылар жұмыс жасады. Жас суретшілердің суреттемелері автордың өлеңдерін бейнелеу өнерімен байланыстырады және оқырмандарға өз суреттері арқылы шығарманың мазмұнын тереңірек түсінуге көмектеседі.

- Оқушылар шығармалардың мәнін тамаша жеткізе алды, өнерге деген сүйіспеншілігін жеткізіп, көркем шығармашылық дағдыларын көрсете білді. Оқушылардың жұмыстарында атмосфера мен шығармалар сюжетінің шынайы руханилығы бейнеленген. Суреттер өмірмен толысқан және балалық пәктіліктің жылуын шашады. Мектеп оқушыларының ерекше көркемдік қиялы мен таланты өлеңдерге өз интерпретацияларын батыл білдіруге көмектесті, - дейді мектеп ұстазы Жанар Ержанқызы.

Мария Березина, Полина Ваганова, 11 жас, «Жұлдыз», «Кешкі Жарық» - Аяна Аятова, 13 жаста, «Түсіндегі өлеңдер» - Диана Салимова, 11 жаста, Томирис Мұнайдар, 13 жаста, «Жұпаргүл» - Гүлназ Дауылбай, 13 жаста, «Жаңбыр блюзі» - Василина Столярова, Владлена Ларионова, 11 жаста, «Күзгі әңгіме» - Рания Жабаева, 11 жаста, Инара Нажмиденова, 11 жаста, Бахытжан Мұстафенова, 13 жаста, «Түн» - Карина Нурмуханова, 11 жаста, Риза Мерканова, 12 жаста, «Туған жер» - Зарина Кине, 11 жаста, «Белгілер» - Томирис Сейтенова, Айдар Ақпан, 11 жаста, «Метаморфоздар» - Олжас Елеусіз, 12 жаста, «Мен саяхатқа аттандым ....» - Екатерина Павлова, 13 жаста, «Күй» - Дильназ Бергенова, 13 жаста және мектептің басқа да жас суретшілері өлеңдерге суреттемелер жасады. Балаларды дайындаған ұстаздар: Екатерина Александровна Одарчук, Жанар Ержановна Шакенова, Шамиль Ракымбекович Шушаев, Светлана Евгеньевна Рейн, Наталия Владимировна Решетова.

Суреттер түрлі техникада орындалған. Поэтикалық ойдың көркемдігін жақсырақ жеткізу үшін қағаз-гуашь, қағаз -фломастер, қағаз, аралас техника қолданылды. Балалар өз суреттемелеріне шығарма кейіпкерлерінің өмірлік толқынының бұрылысын, жыл мезгілдеріне сипаттама, табиғат эскиздерін, қалалардың лирикалық бейнелерін түсірді.

- Мен мәтінді көзбен кеңейтіп, бөлшектеріне ене отырып өлеңнің негізгі идеясын ашуға және жеткізуге тырыстым. Біздің суреттемелеріміз алдағы уақытта ақынның келесі шығармаларының беттерін көркейте алады деп үміттенемін, - дейді Әсел Дүйсекеева.

Жас суретшілер 3 қыркүйекте С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада жазушымен шығармашылық кездесуге қатысты. Олардың жұмыстары көрмеде жазушыға ұсынылды. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Қанапиянов жас суретшілерге оның шығармашылығына деген ынталары мен ықыластары үшін алғыс айтып, байқаудың барлық авторларын марапаттауға уәде берді.