Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Мен әлемді бейнелеймін...»
ІІІ қалалық балалар суреті конкурсы 2011 жылғы 30 ақпанынан 30 наурыз аралығында өтті.
Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі Павлодар қаласының № 1 көркемсурет мектебі базасында 30 наурыз күні өтті.
Конкурсқа жасы 4 – 6 жас аралығындағы балалар қатысты.
Конкурстың тақырыбы «Біз – Қазақстанның болашағымыз» (туған Қазақстанға, біздің елімізідің салт-дәстүрлеріне, туған қаламыз Павлодар және Қазақстанның басқа да қала - көшелеріне арналған жұмыстар) болды.
Конкурс балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мектепке дейінгі жастағы балалардың арасында жаңа таланттарды ашу, Отанына деген сүйіспеншілікті және өз елінің мәдени мұрасын сақтауды тәрбиелеу мақсатында өтілді.
Конкурста Павлодар қаласының 23 балабақша, оқу-тәрбие комплекстері және шағын-орталықтардан 164 тәрбиеленушілердің суреті қатысты.
27 ынталандыру сыйлықтары берілді.
Конкурс жеңімпаздары:
Гран-при:Смирнова Ева, 6 жас, № 96 балабақша,
Жетекшісі Аида Мұратбекқызы Кұлмағамбетова.
1 орын– Жанзақова Дарина, 6 жас, №42 оқу-тәрбие комплексі,
Жетекшісі Айман Сауренбайқызы Түсіпбаева.
2 орын– Бызов Саша, 6 жас, №38 балабақша,
Жетекшісі Валентина Михайловна Волошанина.
3 орын– Веретенникова Юля, 7 жас, №50 балабақша,
Жетекшісі Ольга Владимировна Москалева