Павлодар қаласының білім беру бөлімі қызметінің басым бағыты ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасау болып табылады. Білім беруді дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қаланың жалпы білім беретін мектептерінде инклюзивті білім беру жүйесін дамыту, қоғамда ерекше білім беруді қажет ететін балаларды әлеуметтендіру үшін сапалы жағдайлар жасау, олардың мүдделері мен құқықтарын қорғау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
2021 жылы инклюзивті білім берумен қамту қаланың 39 мектебінде ерекше білім беруді қажет ететін 880 баланы құрайды, оның ішінде 473 бала арнайы сыныптарда (№ 6, 14, 15, 18, 40, Бекхожин мектебі), 368 - психикалық дамуы тежелген бағдарлама бойынша қалыпты сыныптарда, 39 - жеңіл ақыл-ойында кемістігі бар бағдарлама бойынша қалыпты сыныптарда оқиды. Инклюзивті білім беру бойынша сабақтар психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестердің ұсынымдарына сәйкес мұғалімдер жеке құрастырған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Оқу-материалдық, кадрлық базаны нығайту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Инклюзивті білім беру бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 1051 мұғалім өтті. Б. Момышұлы атындағы, Қ. Мақпалеев атындағы, № 6, 7, 11, 34, 35, 40, 43 мектептерде балалардың мектепте болған кезінде ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға көмек көрсететін 20 педагог-ассистент (тьюторлар) жұмыс істейді. 43 мектепте психолог кабинеттері жұмыс істейді. Қ. Бекхожин, М. Әуезов, Б. Момышұлы атындағы, № 5, 6, 9, 14, 15, 16, 21, 24, 25, 26, 34, 39, 40 мектептерде жалпы 464 оқушыны қамтитын 16 логопунктын жұмысы ұйымдастырылды.
Білім алушылар үшін кедергісіз орта құру жөніндегі жағдайлар жетілдірілуде. № 40 ЖОМ тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған көтергіш орнатылды, барлық мектептер пандустармен жабдықталған, М. Әуезов, М. Әлімбаев атындағы, № 11, 15, 16, 23, 30, 25, 37, 39 мектептерде бейімделген санитарлық тораптар бар.
Жаңа оқу жылы қарсаңында облыстағы ойын аймағы мен демалыс аймағы бар № 6 ЖОМ жалғыз ресурстық кабинет (инклюзивті) 10 орынға кеңейтілді (6 орын болған). Кабинет 2018 жылы «Болашақ» қорының қолдауымен ашылды. Әрбір балаға тьютор-педагог-ассистент бекітіліп, ол өз қамқорлығындағы балалармен жеке-жеке айналысады. Әлеуметтенуді жақсарту үшін балалар барлығымен бірге сыныпта оқиды. Жағымсыз мінез-құлықты байқаған жағдайда, тьютор баланы осы кабинетке алып келіп, жеке жұмыс жасауды жалғастырады. Кабинетте педагог-ассистенттер әзірлеген жеке бейімделген бағдарлама бойынша 1 - 5 сынып оқушылары айналысады. Ресурстық сынып үш аймаққа бөлінген: топтық сабақтар аймағы, оқу аймағы, балалардың демалуына арналған релакс аймағы. Құм терапиясы балада графомоторлық дағдыларды дамытуға мүмкіндігі бар.
Әлеуметтену және коммуникация үшін ерекше балалар мектепішілік іс-шараларға қатысады, әртүрлі деңгейдегі байқаулардың қатысушылары және жүлделі орындардың иегерлері болып табылады.